Құқық қорғау органдары академиясы жүргізілетін зерттеулердің жоғары сапасын, мәлімделген мәртебе мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін растай отырып, ғылыми қызмет субъектісі ретіндегі кезекті аккредиттеуден өтті.
Алынған куәлік ЖОО-ға гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру есебінен жүргізілетін зерттеулерге қатысуға мүмкіндік береді, бұл Академия рейтингін одан әрі арттыруға, оның отандық ғылыми кеңістіктегі бәсекелестігін нығайтуға ықпал ететін болады.