Шымкент қаласының әкімдігінде прокуратура органдары ұйымдастырған өңірлік қылмыстарды криминологиялық болжау жөніндегі пилоттық жобаның тұсаукесері өтті.
Жоба қылмыстың алдын алудың, қылмысты талдау мен болжаудың, қылмыстық қудалау органдарының қызметін перспективалық жоспарлаудың жаңа стратегиялық тәсілдерін айқындайды.
Бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі-мемлекеттік органдардың ақпаратын шоғырландыра отырып, «мэтчинг» жолымен криминологиялық болжам жасау. Қылмыстардың «сандық іздерін» тіркеудің және оларды сәйкестендірудің жаңа форматына көшу үшін дерекқорға түзетулер енгізу жоспарлануда.
Сотталғандарды электрондық есепке алуды жетілдіру мақсатында кейіннен жазасын өтеу орындарында жұмысқа орналастыру үшін олардың кәсіби құзыретін қосымша көрсету ұсынылды.
«Учаскелік» электрондық чатты және «Tura zhol» телеграмм-ботын енгізу полицияның құқық қолдану практикасын жақсартуға, қызметкерлердің сеніп тапсырылған аумақтағы жағдай туралы хабардарлығын арттыруға арналған.
«I-Shymkent» алаңында «цифрлық технологиялар паркін» құру әрбір қала тұрғынын «цифрландыруға», сондай-ақ көптеген бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Пилоттық жобаны іске асыру барысы туралы қала тұрғындары тоқсан сайын хабарланатын болады.
Жобаны құқық қорғау органдары академиясы құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетімен және қалалық прокуратурамен бірлесіп іске асырады.