Бүгін Академияда ашық коды бар бағдарламаларды пайдалана отырып, компьютерлік-криминалистикалық сараптама бойынша оқыту курсының екінші кезеңі аяқталды.
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Ұйымдастырушылар-Академия және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі.
Бұл бағыттағы шетелдік тәжірибені ЕҚЫҰ хатшылығының трансұлттық қатерлерге қарсы іс-қимыл департаментінің/полиция қызметінің стратегиялық мәселелері бөлімінің консультанттары Анна Илламаа, Ивар Фрихайм, Георгий Пирвели және Луциан Раду таныстырды.
Қатысушылар осы кезеңде компьютерлік криминалистика және сандық форензика негіздерін, соның ішінде сандық дәлелдемелерді іздеу, алу, бекіту және зерттеу әдістерін зерттеді.