Құқық қорғау органдары академиясы мен Беларусь мемлекеттік университетінің судьяларын, прокуратура қызметкерлерін, соттар мен Әділет мекемелерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру институты арасында өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды.
Келісім заң кадрларын даярлау, ғылыми-білім беру жобаларын іске асыру, оқу процесін ұйымдастырудың ғылыми жетістіктері мен тәжірибесімен алмасу бойынша бірлескен күш-жігерді шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шығармашылық монографияларды өзара рецензиялау, диссертациялық зерттеулердің ғылыми сараптамасы қарастырылған.
Қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын атап өте отырып, тараптар қалыптасқан әріптестік қатынастардың сапасы мен сипатына, ынтымақтастықтың басқа да перспективалы бағыттарын іске асыруға дайындығына қанағаттанатындықтарын білдірді.
БМУ институты 1998 жылы құрылған және бүгінде Беларуссияда да, ТМД-да да жетекші ведомстволық университеттердің бірі болып танылды. Оның қабырғасында 22 білім беру бағдарламасы бойынша басшылар мен мамандар біліктіліктерін арттырады.