Есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша ұлттық симуляциялық тренинг

Құқық қорғау органдары академиясы серіктестермен бірге Есірткі қылмысынан алынған кірістерді жылыстатуға (заңдастыруға) қарсы іс-қимыл бойынша кезекті ұлттық симуляциялық тренинг өткізді.
Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау жөніндегі бөлімінің (INL) және Орталық Азиядағы БҰҰ ЕҚБ өңірлік офисінің қолдауымен есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) базасында өтті.
Оқыту нақты кейстерді модельдеу қағидаты бойынша құрылған, оның барысында ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының қатысушылары қылмыстық схемаларды анықтау және тергеу кезінде тиімді өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтады. Есірткі құралдарын таратудың және осыдан алынған кірістерді жылыстатудың нақты жағдайлары модельденді.
Қатысушылардың міндеті-барлық қажетті жедел-тергеу іс-әрекеттерін жүргізу, қылмысқа қатысы бар адамдардың шеңберін, есірткі саудасынан алынған кірістерді заңдастыру схемаларын белгілеу.
Тренинг құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға, осы санаттағы істерді тергеудің әлемдік және Ұлттық тәжірибесін зерделеуге бағытталған.
Оқудан Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облыстарының прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және қаржы мониторингі органдарының 24 өкілі өтті.