Құқық қорғау органдары академиясы «Жеке сот орындаушылары институтының проблемалары мен перспективалары» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеу жүргізеді.
Оған қатысу үшін облыстық прокуратуралардың, жеке сот орындаушыларының өкілдері, қазақстандық және шетелдік ғалымдар шақырылды.
Зерттеудің мақсаты Қазақстандағы жеке сот орындаушылары институты қызметінің теориялық және практикалық аспектілерін зерделеу және оны жетілдіру бойынша, оның ішінде халықаралық құқық пен шет елдердің тәжірибесін талдау негізінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Зерттеу нәтижелері құқық қолдану практикасына оң әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарды осы жұмысқа қатысуға шақырамыз.
Академия сындарлы диалогқа ашық. Аталған тақырып бойынша барлық ұсыныстар мен ұсынымдар зерделеніп, ескерілетін болады.
Қатысу үшін ұсыныстарды, сондай-ақ өтінімдерді мына электрондық мекенжайларға жолдауларыңызды сұраймыз: 7171187@prokuror.kz, 7171143@prokuror.kz