Құқық қорғау органдары академиясына БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өңірлік өкілі Ашита Миттал ресми сапармен келді.
Әңгіменің басты тақырыбы БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азияға арналған 2022-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ БҰҰ ЕҚБ атқарушы директоры Гада Валидің Қазақстанға алдағы сапарын талқылау болды.
Кездесуге қатысушылар бірлескен оқыту іс-шараларының тиімділігінің жоғары боларын және олардың Орталық Азия өңіріндегі қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мәнмәтініндегі маңыздылығын атап өтіп, әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.