Бүгін Құқық қорғау органдары академиясына Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Кеңесінің елшісі доктор Фолькер Фробарт және Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің құқық қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшісі Джон Дадли ресми сапармен келді.
ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі мен АҚШ Елшілігі академияның бұрыннан келе жатқан әріптестері болып табылады, олардың қолдауымен жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл желісі бойынша көптеген халықаралық ғылыми-білім беру іс-шаралары ұйымдастырылды.
Сапар барысында «Адам саудасына қарсы іс-қимыл», сондай-ақ «Қаржылық қылмыстар және ұрланған активтерді қайтару»сияқты өзекті тақырыптар бойынша бірлесіп әзірленген бейне курстардың тұсаукесері өтті.
Бірінші курс 36 бейне сабақтан (төрт сағаттық), екіншісі – 42 (үш сағаттық) сабақтан тұрады. Видеокурстарды әзірлеуге барлығы 10 ұлттық жаттықтырушы мен сарапшы қатысты.
Сабақтардың сапасы мен әлеуетті тиімділігі тәуелсіз халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.
Академия осы материалдарды пайдалана отырып оқытуды ағымдағы жылдың қараша айынан бастап қолданыстағы қашықтықтан оқыту жүйесінің платформасында бастауды жоспарлап отыр.
Іс-шараға қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық танытты.