Академия жас прокурорлар үшін арнайы 30 күндік курс ұйымдастырды.
Білім алушылар контингентін міндетті бастапқы кәсіптік даярлық енгізілгенге дейін қызметке кірген 1 жылға дейінгі стажы бар қызметкерлер құрады.
Оқыту азаматтық жоғары оқу орындарында алған базалық білімдерін тереңдету және қажетті кәсіби дағдыларды дағдыландыру мақсатында өткізілді. Негізгі назар салалық, ақпараттық, жазбаша, коммуникативтік және кәсіби құзыреттерді дамытуға аударылды.
Әзірленген бағдарлама және онда қолданылатын әдістер жұмыста оң нәтижелерге қол жеткізуге, үздіксіз дамуға және өзін-өзі жетілдіруге бағытталған мінез-құлық моделін қалыптастыруға бағытталған.