Құқық қорғау органдары академиясында 18 арнайы прокурор сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыстарға байланысты өзекті істерді сотқа дейінгі тергеу ерекшеліктеріне арналған апталық біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Сондай-ақ, қылмыстық процесте қолданылатын заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша сабақтар өткізілді.
Оқуға Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен Бас прокуратураның тәжірибелі практиктері тартылған.
Курс қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар берілді.