Өскеменде «Браконьерлермен қақтығыс: құқықтық және психологиялық аспектілер» тақырыбында үш күндік тренинг аяқталды.
Іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалық кеңсесінің қолдауымен Құқық қорғау академиясы ұйымдастырды.
Қазақстандағы браконьерлермен қақтығыстар мен конфликтілер құқық қорғау органдары мен табиғат қорғау ведомстволары қызметкерлерінің құқықтық, физикалық және психологиялық даярлығын талап етеді.
Осыны ескере отырып тренинг стандартты емес форматта өтті.
Шартты түрде іс-шара 4 негізгі блоктан тұрды.
Бұл мәжбүрлеу күшін қолданудың құқықтық негіздері бойынша практикалық кейстерді шешу (қажетті қорғаныс, қажетті қорғаныс шегінен асып кету, төтенше қажеттілік), дағдарыстық жағдайды басқару бойынша симуляциялық жаттығу (конфликтология, келіссөздер процестері), психологиялық блоктан, сондай-ақ өзін-өзі қорғаудың арнайы дағдыларына оқыту.
Тренерлер ретінде тәжірибелі құқық қорғау практиктері, ғалымдар, жоғары білікті медиаторлар мен психологтар, халықаралық санаттағы төреші, дзюдо және өзін-өзі қорғау бойынша спорт шебері қатысты.
Оқудан табиғатты қорғау прокурорлары, полицейлер, қорықшылар өтті.
Тренинг нәтижелері бойынша іс жүзінде қолдану үшін жоғарыда аталған қызметкерлер санаттары үшін қиын жағдайларда іс-қимыл алгоритмі бар анықтамалық шығару жоспарлануда.