Б. Есімсейтов. «Академиялық түсіндірме сөздік. Анықтамалық басылым». Астана: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, 2017. – 46 бет.

Академиялық түсіндерме сөздік Қазақстан Республикасы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары мен докторанттарына және жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында құрастырылған.

Сөздікте жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруда, оқу-тәрбиелік және ғылыми – педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары білім бар мамандар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыруда жиі қолданылатын негізгі термин сөздер қамтылды.