Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Ресей Федерациясы Ішкі Істер Министрлігінің басқару академиясы арасында білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама жасалды.
Келісім шеңберінде жоғары оқу орындары академиялық және зияткерлік әлеуетті шоғырландыруға, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу іс-шараларын жүргізуге, ведомстволық басылымдарда ғылыми жұмыстарды өзара жариялауды жүзеге асыруға ниетті.
Тараптар бұл келісім құқықтық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және екі білім беру мекемесі арасындағы серіктестік қатынастарды нығайтуға айтарлықтай серпін беретініне сенім білдірді.