Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты онлайн форматта «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесіндегі жазалау институтының теориясы мен практикасының қазіргі жағдайы » тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Оның жұмысына Академия институттарының қызметкерлері, Жоғарғы Соттың судьялары, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі және әкімшілік полиция комитеттерінің, Беларусь мемлекеттік университетінің, Б. Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің және отандық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Жазалау институтының теориясы мен практикасының проблемалары, қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының тиімділігін арттыру шеңберінде нормативтік құқықтық регламенттеу мен құқық қолдану қызметін жетілдіру жолдары талқыланды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешуге, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүйесіндегі жазаның тиімділігін арттыру мәнмәтінінде заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленді.