ПРЕСС-РЕЛИЗ

2021 жылдың 29 сәуірде Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста «2021 жылы Академияның магистратурасына және докторантурасына қабылдауды ұйымдастыру туралы» атты Академия Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры С.М. Сапаралиеваның баяндамасы тындалды.

Академия Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының профессоры В.В. Ханға қауымдастырылған профессор (доцент) атағын беру туралы өтініш білдіруге шешім қабылданды.

Ғылыми кеңес шешімімен «ТМД елдеріндегі еңбектік қанау: алдын алу, анықтау және ашу мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел материалдарының жинағы жариялауға ұсынылды.