2021 жылғы 18 наурызда Құқық қорғау органдары академиясында «Қазақстан Республикасының құқық қолдану практикасындағы зиянды өтеудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Іс-шараға Жоғарғы сот, прокуратура, адвокаттық қоғамдастық, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері, сондай-ақ Б. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей славян университетінің өкілдері қатысты (Қырғыз Республикасы).
Семинарда прогрессивті халықаралық тәжірибені ескере отырып, өтемақыны анықтау мәселелері, сот практикасының проблемалары, медиация рәсімінің ерекшеліктері және жедел-іздестіру қызметін жүргізу кезіндегі зиянды өтеу мәселелері талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша моральдық зиянды өтеу институтын одан әрі жетілдіру, ғылыми саладағы ынтымақтастық бойынша ғылыми-практикалық ұсынымдар жасалды.