2021 жылғы 15 наурызда Құқық қорғау органдары академиясында тұрақты жұмыс істейтін Педагогикалық шеберлік мектебі шеңберінде «Жұмыс орнындағы эмоциялық интеллект» тақырыбында оқыту мастер — классы өтті.
Тренинг барысында кәсіби құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері, халықпен тиімді байланыс орнатудың маңыздылығы талқыланды. Жанжал мен психоэмоционалдық шиеленіс жағдайында өзара іс-қимыл жағдайларына ерекше назар аударылды.
Эмоционалды интеллект, эмпатия, эмоцияны басқару бойынша материалдар зерттелді.
Сонымен қатар тренинг аясында әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры А.Тынышбаеваның «Әлеуметтану және басқару психологиясы» оқу құралы таныстырылды.
Оқытудың соңғы бөлімі практикалық жағдайларды талдауға, қызметтік жұмыстың тиімділігін арттыру үшін эмоционалды интеллекттің әртүрлі құралдары мен әдістерін қолдануға арналды.
Шеберлік сабағын «International Academy of Emotional Intelligence» директоры, Еуропалық мәдени және эмоциялық-зияткерлік жобалар қауымдастығының (EACEIP) эмоционалды зияткерлікті дамыту бойынша сертификатталған тренері, Erickson International кәсіби коучы Әсел Мұратова өткізді.