Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесінің отырысында философия докторы (PhD) дәрежесін ізденушілерді қорғау өтті.
Академияның докторантура түлектері Сағыныш Аяғанова («Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттарды іске асыру мәселелері»), Мәлік Мұқанов («ақша-кредит саласындағы қылмыстарды тергеу мәселелері»), сондай-ақ Б.Бейсеноватындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының докторантура түлектері Адель Садвакасова («Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің басталу проблемалары») және Талғат Салкебаев(«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырудың құқықтық мәселелері») өз жұмыстарын ұсынды.
Ғылыми жұмыстарды талқылау бойынша пікірталас ғылыми қоғамдастық, Жоғарғы сот, Конституциялық Кеңес, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Болашақ» академиясы, ҚР ІІМ Алматы және Қарағанды академиялары өкілдерінің қатысуымен өтті.
Диссертацияларға жоғары баға берілді. Зерттеу нәтижелері жаңа, негізделген және сенімді деп танылды. Оларды тәжірибеге енгізу үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберу ұсынылды.
Диссертациялық кеңестің қорытындысы бойынша ізденушілерге философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.
Диссертанттарды сәтті қорғауымен құттықтай отырып, Академияның диссертациялық кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Исидор Борчашвили оларды заң ғылымының лайықты жалғастырушысы болуға, күнделікті еңбекпен құқық қорғау жүйесінің беделін нығайтуға шақырды.