А.ж. 12 қарашада Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов БҰҰ-ның Қазақстандағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Навид Рияз және Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) директоры Рустам Мирализодамен кездесті.
Академия басшысы шетелдік әріптестерін құттықтай отырып, халықаралық қауіпсіздікті нығайту, заманауи әлемнің қауіп-қатерлеріне қарсы күрес контекстіндегі ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.
Кездесу барысында 2021 жылға арналған білім беру бағдарламаларын іске асыру аясында бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары талқыланды.
Атап айтқанда, Қазақстан, ТМД және Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін оқыту іс-шараларының басты тақырыптары есірткінің заңсыз айналымы, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, ақшаны жылыстату болып белгіленді.
Сондай-ақ, Тараптар терроризмге қарсы іс-қимыл аясында қолданыстағы бірлескен жобаларды одан әрі іске асыруға қатысты пікір алмасты.
Қонақтар Академияның Жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб аясындағы қызметін жоғары бағалады, сондай-ақ әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.
Тараптар қалыптасқан диалогты жалғастыруға және дамытуға, өңірлік және өңіраралық деңгейлерде ғылыми-білім беру іс-шараларын өткізуде жан-жақты көмек көрсетуге өзара дайындығын растады.