2020 жылғы 6 қарашада Құқық қорғау органдары академиясында көрнекті мемлекет қайраткері Өтеген Сейітовты еске алуға арналған Криминологиялық форумның отырысы онлайн форматта өтті.
Күн тәртібін талқылауға Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Президент Әкімшілігінің, БҰҰ Орталық Азия бойынша ЕҚБ, Жоғарғы соттың, құқық қорғау және арнайы органдардың, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ Ресей, Украина, Өзбекістан, Қырғызстан және Беларусядан келген шетелдік сарапшылар қатысты.
БҰҰ Орталық Азия бойынша ЕҚБ-ның өңірлік өкілі Ашита Миттал, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова, елші, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің Басшысы Дьердь Сабо құттықтау сөздерінсөйледі.
Отырыс барысында Академияның 2020 жылы жүргізген төрт ведомствоаралық ғылыми-зерттеулерінің қорытындылары талқыланды:
1) құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігінің индикаторы ретінде халықтың сенімі;
2) қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін арттыру;
3) азаптаулар: пенитенциарлық мекемелердегі қылмыстық-құқықтық және процестік реттеудің проблемалық мәселелері;
4) есірткіні тұтыну деңгейін бағалаудың өзекті мәселелері.
Тақырыпты Қазақстанның құқық қорғау органдарының ғылыми-әдістемелік кеңесі бекітті.
Академия ректоры Ерғали Мерзадиновжүргізілген зерттеулердің ерекшеліктеріне және олардың нәтижелеріне қысқаша тоқталды.
Алғашқы зерттеудің мақсаты – қызметкерлердің өз көзімен азаматтардың сенім деңгейінің төмен болу себептерін түсіну.
Ол үшін авторлық ұжым барлық деңгейдегі құқық қорғау органдарының төрт мыңнан астам офицеріне онлайн-сауалнама жүргізді, ірі мегаполистерде де, ауылдық округтерде де 24 мыңнан астам азаматқа сауалнама жүргізді.
Авторлар ұжымы зерттеу нәтижелері бойынша нормашығармашылық және практикалық сипаттағы бірқатар нақты шараларды ұсынды.
Екінші зерттеу шеңберінде соңғы бес жылдағы қылмыстық статистикаға жүйелі талдау жүргізілді, 260 мыңнан астам қылмыстық істер бойынша СДТТ мәліметтері зерделенді.
Жалпы, авторлық ұжым ұлттық заңнама қылмыстық процестің негізгі халықаралық қағидаттарына сәйкес келеді деген қорытындыға келді.
Бірақ одан әрі жетілдіруді талап ететін мәселелер бар. Мысалы БҰҰ Бас Ассамблеясының 1988 жылғы 9 желтоқсандағы резолюциясына сәйкес ұлттық заңнамаға бала емізетін аналарды, жүкті әйелдерді және азаматтардың басқа да осал санаттарын ұстау тәртібіне қатысты жекелеген нормаларды енгізу ұсынылды.
Ғалымдар қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарына кепілдіктерді арттыруға бағытталған ұсыныстардың үлкен пакетін дайындады.
Пенитенциарлық мекемелердегі азаптау проблемаларын талдау шеңберінде үлкен жұмыс жүргізілді, оның бастамашысы Бас прокуратура жанындағы пенитенциарлық жүйені дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттарды орындау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы болды.
Зерттеудің өзектілігі мекеме әкімшілігіне толық тәуелді және құқықтық қорғау әдістерінде шектелген қоғамнан оқшаулану жағдайындағы сотталғандарға қатысты қатыгез қарым-қатынастың алдын алу бойынша шаралар қабылдау қажеттілігінен тұрады.
Авторлар азаптаулар туралы қылмыстық істерді, «Төрелік» жүйесіндегі сот актілерін, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына мыңнан астам өтініштерді зерделеді. ҚАЖК-нің 700 қызметкеріне, арнайы прокурорларға және Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің 60 мүшесіне, сондай-ақ 600-ге жуық сотталғанға сараптамалық сауалнама ұйымдастырылды.
Зерттеу нәтижелері бойынша азаптауларға қарсы іс-қимылға бағытталған ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, БҰҰ Азаптауларға қарсы конвенциясының ережелерін имплементациялау мақсатында ұлттық заңнаманы халықаралық нормаларға сәйкес келтіру ұсынылды. Сондай-ақ Пенитенциарлық жүйеде жасалған азаптауларға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
Есірткіні тұтыну деңгейін бағалау мәселелері бойынша зерттеу авторлары атап өткендей, Қазақстанда мемлекеттің осы саладағы стратегиясы мен іс-қимыл жоспарын айқындайтын бірыңғай құжат жоқ.
Сонымен қатар соңғы бірнеше жылда Қазақстанда жаңа психобелсенді заттарды тұтыну айтарлықтай өсті, синтетикалық есірткіні қолданудың өсуі байқалады.
Алғаш рет жүргізілген есірткіні тұтынуға қарсы іс-қимыл субъектілерінің, мемлекеттік емес отандық және халықаралық ұйымдардың қызметіне және олардың өзара іс-қимылына кешенді талдау көрсетілген проблемаларды шешуге және есірткіні тұтыну деңгейін бағалаудың дұрыстығын арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық және заңнамалық ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.
Пікірталас барысында зерттеу нәтижелері кеңінен және мүдделі талқыланды, жаңа бастамалар, ұстанымдар мен пікірлер айтылды.
Пленарлық отырыстан кейін талқылау бейінді секцияларда жалғасты.
Форум жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылардың сөз сөйлеулері мен әзірленген ұсынымдар жинағы әзірленетін болады.