ЕШНАЗАРОВ АЛМАЗ АЛГАЗҰЛЫ
Кафедра меңгерушісі
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 14 жылдан астам
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Қылмыстық процесте артықшылықтар мен иммунитеттер (Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша)» (12.00.09: қылмыстық процесс, криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі – мамандығы бойынша).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық-процестік құқығы, жүктеме нормативтері, экстремизмге және терроризмге, киберқылмысқа және адам саудасына қырсы іс-қимыл.
Білім және ғылым министрлігінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігі бар (2020 жылғы 3 тамыздағы сериясы МК 006228).
Ғылыми еңбектері: 30-дан астам жарияланған жұмыстары бар (ғылыми мақалалар, оқу әдістемелер мен құралдар).
Магистратурада оқытылатын пәндер:
— Қазақстан Республикасындағы азаптауға қарсы іс-қимыл;
— Адам саудасына қарсы іс-қимыл: халықаралық және ұлттық құқық.
Профессор
Сынып дәрежесі: аға әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 20 жылдан астам
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Уголовная ответственность за лжепредпринимательство» (мамандығы: 12.00.08: қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық – атқару құқығы).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: криминология және қылмыстық құқық мәселелері, ұлттық қауіпсіздік, геосаясат, макроэкономика.
Ғылыми еңбектері: 50-ден астам ғылыми жұмысы бар, оның ішінде: қаржы полициясының тергеуіне жатқызылған қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына түсіндірме; Оқу құралдары: «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі» (тең автор), «Криминология (Жалпы бөлім)».
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Криминалдық пәндер циклі бойынша ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі;
— Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз ету;
— Қылмысқа қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі.
ХАН ВИТАЛИЙ ВЯЧЕСЛАВОВИЧ
Профессор
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 21 жыл
Кандидаттық диссертация тақырыбы: ««Англосаксонская модель досудебного производства по уголовным делам (на примере современного законодательства Англии и США)» (мамандығы: 12.00.09:қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық процестің, құқық қорғау органдары мен сот билігінің теориясы мен тарихы мәселелері; қылмыстық сот ісін жүргізуде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының конституциялық және процессуалдық кепілдіктерін іске асыру мәселелері; құқық қорғау және сот қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері; сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету тетіктері; сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізу туралы ілім; процессуалдық мәжбүрлеу шараларының тұжырымдамасы және сот дәлелдемелерінің теориясы; қылмыстық қудалауға балама және қылмыстық қуғын-сүргін; қылмыстық іс жүргізу құқығын оқыту әдістемесі.
Ғылыми еңбектері: 100-нан астам ғылыми жұмыстардың авторы.
Докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қылмыстық-процестік құқықтың теориялық мәселелері;
— Қылмыстық-процестік құқық теориясы;
— Қылмыстық процестің өзекті проблемалары.
АВГУСТХАН СЫРЫМ АВГУСТХАНҰЛЫ
Доцент
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: «Құқықтану» мамандығы бойынша PhD докторы.
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 12 жылдан астам
Докторлық диссертация тақырыбы: «Проблемы правового и криминолого – криминалистического обеспечения расследования насильственных преступлений, совершаемых в уголовно-исправительных учреждениях в странах СНГ».
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару құқығы, қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселелері, пробацияның проблемалық сұрақтары.
Ғылыми еңбектері: 30-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Жеке тұлғаны қылмыстық-құқықтық қорғау проблемалары;
— Жеке тұлғаға қарсы қол сұғушылықтарға қарсы іс-қимыл;
— Қылмысқа қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі;
— Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимылдың проблемалары;
— Жаза және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары институттарының қылмыстық-құқықтық және пенитенциарлық проблемалары.
АЛИБЕКОВА АСЕЛЬ МУРАТОВНА
Доцент
Сынып дәрежесі: кіші әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 24 жыл
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Уголовно-правовая и криминологическая характеристика незаконного предпринимательства» (мамандығы: 12.00.08: қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық – атқару құқығы).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық және қылмыстық-атқару құқығы.
Ғылыми еңбектері: Қылмыстық құқығы мәселелері бойынша 30 астам басылымға шыққан мақалалары бар. Қылмыстық құқық бойынша тапсырмалар жинағы мен үш оқулықтың, Қылмыстық кодекске түсініктеме мен оқу құралының тең авторы.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың проблемалары;
— Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау: практика проблемалары;
— Өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын құқықтық реттеу және іске асыру практикасының проблемалары;
— Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық шараларының проблемалары;
— Жаза және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары институттарының қылмыстық-құқықтық және пенитенциарлық проблемалары.
АМУРТАЕВА ДИНАРА ТАЛҒАТҚЫЗЫ
Доцент
Сынып дәрежесі: 1-ші сыныпты заңгер
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 24 жыл
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Проблемы квалификации причинения тяжкого вреда здоровью по уголовному законодательству Республики Казахстан» (мамандығы: 12.00.08: қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық – атқару құқығы).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық, криминология қылмыстық-атқару құқығы, қылмыстық құқық бұзущылықты саралау мәселелері, пробация және сот төрелігін қалпына келтірудің проблемалық мәселелері.
Ғылыми еңбектері: 60-тан аса БжҒБК және РҒДИ журналдарында импактфакторлы басылымдары бар. «Қазақстан Республикасының трансұлттық ұйымдастырылған қылмысқа қарсы қылмыстық-құқықтық шаралар» атты мемлекеттік және орыс тілдерінде екі оқу құралы жарык көрді.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қалпына келтіруші сот төрелігі институтының проблемалары;
— Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимылдың проблемалары;
— Қазақстан Республикасында пробация институтын қолдану практикасы;
— Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қызмет. Практикум;
— Жеке тұлғаға қарсы қол сұғушылықтарға қарсы іс-қимыл;
— Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың проблемалары.
СЫРБУ АЛЕКСАНДР ВЛАДИМИРОВИЧ
Доцент
Сынып дәрежесі: аға әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты, доцент (қауымдастырылған профессор)
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 24 жыл
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Процессуальный порядок получения и использования информации с технических каналов связи в уголовном судопроизводстве» (мамандығы: 12.00.09: қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: компьютерлік қылмыс, жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрес, тергеуде жедел-іздестіру ақпаратын пайдалану, компьютерлік желілерде тінту және іздеу, алдын ала тергеу психологиясы, сот-компьютерлік сараптама, қылмыстарды тергеу мәселелері, тергеуді ұйымдастыру және тергеу әрекеттерін жүргізу ерекшеліктері.
Ғылыми еңбектері: 50-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы. Авторлық оқу құралдары: ««Перехват сообщений в системе следственных действий», «Организация и производство судебно-компьютерной экспертизы». Оқу-практикалық құралдарының бірлескен авторы: ««Практикум по уголовно-процессуальному праву Республики Казахстан», «Бөтеннің мулкін ұрлаға қатысты қылмыстық істі тергеу» және басқа.
Магистратурада оқытылатын пәндер:
— Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу тактикасы.
ФИЛИПЕЦ ОКСАНА БОРИСОВНА
Доцент
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 24 жылдан астам
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Отсрочка отбывания наказания по уголовному права Республики Казахстан» (12.00.08: қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы мамандығы)
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық, қылмыстық -атқару құқығы.
Білім және ғылым министрлігінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігі бар (ММ 2014 жылғы 28 наурыздағы № 003942).
Ғылыми еңбектері: Қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығы мәселелері бойынша, сондай-ақ пәндерді оқыту әдістемесі бойынша 80 басылымға шыққан мақалалары бар. Бір оқу құралының авторы; қылмыстық құқық бойынша екі тапсырмалар жинағы мен екі оқулықтың, Қылмыстық кодекске түсініктеме мен бір монографияның тең авторы.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы;
— Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау: практика проблемалары;
— Жаза және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары институттарының қылмыстық-құқықтық және пенитенциарлық проблемалары;
— Өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын құқықтық реттеу және іске асыру практикасының проблемалары;
— Қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасын қолданудың теориясы мен практикасының өзекті проблемалары;
— Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың ғылыми негіздері;
— Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық шараларының проблемалары.
САДЫҚОВ МҰХТАР БЕЙБІТҰЛЫ
Аға оқытушы
Сынып дәрежесі: кіші әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: «Құқықтану» мамандығы бойынша PhD докторы, заң ғылымдарының магистрі (В.Ф. Яковлев атындағы Урал мемлекеттік заң университеті, Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы), мемлекеттік басқару магистрі (Nazarbayev university)
Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының екі дүркін стипендиаты: бакалавриат (үздік дипломмен) – ақпараттық жүйелер (Мультимедиа университеті, Малайзия), тағылымдама – Халықаралық қаржы орталықтарының жұмыс істеуінің құқықтық және қаржылық аспектілері (University of California in Los Angeles, АҚШ)
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 3 жыл
Диссертация тақырыбы: «Мемлекеттік бақылау (қадағалау) және муниципалды бақылау органдарының прокурорлық тексерулері: салыстырмалы құқықтық талдау (Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мысалында)», «Pension system reform in Kazakhstan based on experience of Singapore».
Ғылыми қызығушылықтар саласы: киберқылмыспен күрес, жасанды интеллектті құқықтық реттеу, ақпараттық құқық, цифрландыру.
Ғылыми-зерттеу қызметі: 8 ғылыми еңбек, оның 3-і уәкілетті орган ұсынған басылымдарда (ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК), Scopus деректер базасына енгізілген халықаралық журналда 1 мақала, халықаралық конференциялар жинақтарында 4 мақала.
2023 жылы Universiti Utara Malaysia-да өткен конференцияда М.Б.Садықовтың мақаласы. 9 елден келген 200 қатысушының арасында үздік 3 мақаланың бірі болып танылды және Best Paper Award номинациясында жеңіп алды.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Құқық қорғау қызметіндегі ақпараттық қауіпсіздік;
— Ақпараттық технологияларды құқықтық реттеу;
— Қылмысқа қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі;
— Қазақстан Республикасының қылмыстық қудалау органдарының теориясы мен практикасындағы жасырын тергеу әрекеттері
— Сандық құқық, деректер талдауы және құқық қорғау қызметіндегі киберқауіпсіздік.
ШЕГЕБАЕВА АЙГЕРІМ РЫСБАЙҚЫЗЫ
Аға оқытушы
Әділет кеңесшісі
Философия докторы (PhD)
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 13 жыл
Жетістіктері: Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының диссертациялық кеңесінде «Қазақстанның қылмыстық-құқықтық саясатында жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығын қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 6D030300 – құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алумен докторлық диссертация қорғалды (Қарағанды, 2016).
Ғылыми мүдделер саласы: қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы; құқық қорғау қызметі.
Ғылыми-зерттеу қызметі:
10-нан астам біліктілікті арттыру курстарында оқыды, соның ішінде Будапешт қ. Халықаралық құқық қорғау органдары Академиясының (ILEA) «Қылмыстық сот төрелігі секторындағы әйелдердің көшбасшылығы» тақырыбында Қазақстан, Армения, Босния және Герцеговина, Венгрия, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің құқық қорғау, сот және прокуратураның әйел қызметкерлерінің қатысуымен онлайн семинарға қатысты.
30-дан астам еңбектің, оның ішінде қылмыстық құқық және криминология бойынша оқу құралдарының, бірқатар мамандандырылған басылымдарда (оның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Ғылым және Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынған және Scopus дерекқорына кіретін журналдарда) жарияланған ғылыми мақалалардың авторы.
