Басшылық

НҰҒМАНОВ РУСТЕМ РАХИМЖАНҰЛЫ

Институт директоры

Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты

Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 24 жыл

Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Позитивная ответственность в уголовном праве» (мамандығы: 12.00.08-қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы).

Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық, қылмыстық жауапкершілік мәселелері, қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, мемлекеттік сатып алу.

Ғылыми еңбектері: 20-дан астам ғылыми жұмыстың, оның ішінде 1 «Проблемы уголовной ответственности» монографиясының және 4 оқу құралының авторы: «Современные проблемы общей теории права», «Уголовная ответственность юридических лиц», «Практика противодействия отмыванию денег и финансированию терроризма в Республике Казахстан», «Құқықтық жалпы теориясыныңи казіргі проблемалары cызба түріндегі».

Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:

— Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты және құқық қорғау органдарын дамытудың проблемалары мен перспективалары;

— Заңдық жауаптылық институты: теория және практика проблемалары;

— Қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл. Қаржылық тергеулер жүргізу;

— Қазақстан Республикасында қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және активтерді қайтарудың институционалдық жүйесі.

 

НҰРМАҒАМБЕТОВ БҮРКІТ ҒАЛЫМҰЛЫ

Институт директорының орынбасары

Сынып дәрежесі: әділет аға кеңесшісі

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)

Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 29 жыл

Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Қазақстан қоғамындағы өтпелі кезеңіндегі жаңғыру саясаты» (мамандығы: 23.00.02 – саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар)

Ғылыми қызығушылықтар саласы: Дінтану, Діни экстремизм, Мемлекеттік және ұлттық саясат

Ғылыми еңбектері: 60-тан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде саясаттану және дінтану бойынша 5 оқу құралының авторы (мемлекеттік тілде).

Докторантура мен магистратурада оқытылатын пәндер:

—Зерттеу семинары;

-Діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың проблемалары: саяси және құқықтық аспект