ҚАЙРУЛЛА ЕРКІН ҚАЙРУЛЛАҰЛЫ
Орталық бастығы
Әділет кеңесшісі
Заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі: 2001 жылдан.
Жетістіктері:
ҚазГЗУ диссертациялық кеңесінде «Бөтеннің мүлкін зорлықсыз жымқырудың виктимологиялық мәселелері» тақырыбында 12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ҚР БҒМ БҒСБК бере отырып диссертация қорғау (Астана, 2005).
Германия Федералды қылмыстық полиция ведомствосының стипендиялық бағдарламасы бойынша оқыту (Берлин, ГФР, 2006).
«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен (2021), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015) мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы прокуратура және ішкі істер органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы; құқық қорғау қызметі; адами ресурстарды дамыту.
Ғылыми-зерттеу қызметі:
20-дан астам еңбектердің авторы, оның ішінде бірқатар мамандандырылған басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар (ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынған журналдарда).
ВОЕВОДКИН ДЕНИС ВИКТОРОВИЧ
Бас ғылыми қызметкер
Бас ғылыми қызметкер
Аға әділет кеңесшісі
Білімі: Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті; Саратов мемлекеттік заң академиясы; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы.
Ғылыми дәрежесі: PhD докторы.
Жетістіктері: Қазақстан Республикасы прокуратурасының ведомстволық наградаларымен және мерекелік медальдарымен, «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 22 жылдан астам.
Ғылыми қызығушылық саласы: криминалистика, қылмыстық, қылмыстық-процестік құқық, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, киберқылмыстық, активтерді қайтару.
Ғылыми-зерттеу қызметі: құқық саласында 10-нан астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде Scopus индекстелетін журналдардағы 5 жарияланым.
СӘДІБЕКОВ БАХЫТЖАН ИСЛАМБЕКҰЛЫ
Бас ғылыми қызметкер
Бас ғылыми қызметкер
Аға әділет кеңесшісі
Білімі: Қазақ мемлекеттік заң университеті
Еңбек өтілі: прокуратура органдарында – 26 жылдан астам, оның ішінде Құқық қорғау органдары академиясында – 7 ай
Жетістіктері: «Жауынгерлік ерлігі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісімен, прокуратура және ішкі істер органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.
Ғылыми қызығушылық саласы: қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама
Ғылыми-зерттеу қызметі:
— «Жаппай тәртіпсіздіктер жөніндегі қылмыстық істерді тергеп-тексеру ерекшеліктері» әдістемелік ұсынымдары, 2021 жыл;
— «Жымқыру туралы қылмыстық істерді тергеп-тексеру ерекшеліктері» әдістемелік ұсынымдары, 2021 жыл;
— «Орман өрттері жөніндегі қылмыстық істерді тергеп-тексеру ерекшеліктері» әдістемелік ұсынымдары, 2025 жыл.

КАСИМОВА МАДИНА ОРЫНБАЕВНА
Жетекші ғылыми қызметкер
Әділет кеңесшісі
Философия докторы (PhD)
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 2005 жылдан бастап
«Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тергеу профилактикасы және оның тиімділігі» тақырыбында 8D04201 – Құқықтану мамандығы бойынша диссертация қорғаған.
Жетістіктері: Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, Қазақстан Республикасының қаржы полициясы және прокуратура органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.
Ғылыми қызығушылық саласы: криминология, қылмыстық-процестік заңнама.
Ғылыми-зерттеу қызметі:
20-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда (журналдарда), сондай-ақ Scopus және РИНЦ дерекқорларына кіретін басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалары бар.
АБДУКАДИРОВА САЛТАНАТ АСКАРОВНА
Аға ғылыми қызметкер
Әділет кеңесшісі
Заңтану магистрі
Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі: 2019 жылдан бастап
Жетістіктер: Қаржы полициясы академиясының магистратурасы (2009).
ҚСжАЕК төрағасының алғыс хаты (2018), Академия Ректорының грамотасы бар (2019). Бірқатар ғылыми мақала жариялады.
Ғылыми зерттеу саласы: қылмыстық-процестік заңнамасы, психология, жалған айту детекциясы.
Ғылыми-зерттеу қызметі: «Азаптау: Қазақстан Республикасының пенитенциарлық мекемелерінде қылмыстық-құқықтық және процестік реттеудің проблемалық мәселелері» және «Интернет желісінде жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің проблемалық мәселелері» атты ғылыми зерттеулер тақырыптары бойынша авторлық ұжымның мүшесі болды.
«Құқық қорғау органдарының кадр саясатын іске асыру кезінде полиграфологиялық зерттеулердің нәтижелерін жүргізу және пайдалану тәжірибесі» тақырыбында экспресс-зерттеу жүргізді.
БАДАНОВА АННА НИКОЛАЕВНА
Аға ғылыми қызметкер
Кіші әділет кеңесшісі
Философия докторы (PhD), Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі
Білімі: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясы, Докторантура — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы «Қашықтан тергеу әрекеттерін жүргізудің теориялық және қолданбалы негіздері» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады (2024 ж.).
Жетістіктері:
— Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы «Талдау мектебінің» түлегі;
— «Тергеушіге арналған заманауи түсіндірме сөздік» анықтамалық нұсқаулығының авторы;
— «Құқық негіздері», «Криминалистика теориясы және практикасы» оқулықтарының бірлескен авторы;
— Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық Зияткерлік меншік институты: РММ «Жылжымалы модуль» пайдалы модель № 7572 патентінің иегері;
— Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық Зияткерлік меншік институты: РММ «ЭЕМ-ге арналған бағдарлама» № 22354 авторлық құқық сертификатының иегері;
— Ішкі істер министрлігі басшылығының алғыс хаттары;
30-дан астам ғылыми еңбектер, соның ішінде патенттер, оқулықтар, анықтамалықтар, авторлық құқық туралы куәліктер, бірқатар мамандандырылған басылымдарда (соның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған және Scopus және РИНЦ деректер базасына енгізілген журналдарда жарияланған ғылыми мақалалар).
Ғылыми мүдделердің саласы: қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы.