Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясы ректорының
2025 жылғы «___» желтоқсандағы
№___ бұйрығына ___-қосымша
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – ВҒЗИ, Академия, Бас прокуратура) Академияның дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. ВҒЗИ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) ұйымдастырушылық-өкімдік актілерін, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 3 ақпандағы № 14 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы» мемлекеттік мекемесінің Жарғысын, Академия ректорының бұйрықтары мен өкімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. ВҒЗИ-дың құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Академия ректорының ұсынымы бойынша Бас Прокурор айқындайды.
4. ВҒЗИ:
Ғылыми превенция және ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру орталығы (1-Орталық);
Қылмыстық процесс проблемаларын зерттеу орталығы (2-Орталық);
Қоғамдық-құқықтық қатынастар саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы (3-Орталық);
Қылмыстық саясат және криминология проблемаларын зерттеу орталығынан (4-Орталық) тұрады.
2. ВҒЗИ-дың мақсаты, құқықтары мен міндеттері
5. ВҒЗИ-дың мақсаты:
— құқық қорғау қызметі саласындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру, оның ішінде «Зерттеуші» интернет-ресурсы және өзге де IT өнімдері мен шешімдері арқылы;
— құқық қорғау қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу (құқықтық тәртіп және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарды ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу, қылмыстық процесс, жария-құқықтық қатынастар, қылмыстық саясат және криминология саласындағы проблемаларды зерттеу);
— Институт құзыреті шеңберінде ақылы қызмет түрлерін ілгерілетуді жүзеге асыру, ұйымдастыру.
6. ВҒЗИ қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері.
заңнамаға және Бас Прокурор мен Академия ректорының ұйымдастырушылық-өкімдік актілеріне сәйкес ВҒЗИ қызметкерлері:
құқылы:
Бас прокуратура басшылығы, Академия ректоры, Академияның құрылымдық бөлімшелері басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда ұйымдастырылатын және өткізілетін ВҒЗИ қызметіне қатысты мәселелер бойынша кеңестерге қатысуға;
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін Академияның құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
заңнамада белгіленген тәртіппен Академия қызметіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және мекемелерден ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
заңнаманы жетілдіру, Академияның және прокуратураның басқа да органдары мен мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
ғылыми зерттеулердің нәтижелерін белгіленген тәртіппен Бас прокуратураның, басқа да құқық қорғау, мемлекеттік және сот органдарының ведомстволық басылымдарында жариялауға;
белгіленген тәртіппен халықаралық және ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге және т. б. қатысуға;
Бас Прокурор бекіткен тәртіппен ақылы қызметтер көрсетуге байланысты өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіптік қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға және тағылымдамадан өтуге;
заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
міндетті:
қолданыстағы заңнамаға және осы Ережеге сәйкес шағын міндеттер мен функцияларды сапалы және уақтылы орындауға;
берілген өкілеттіктер шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес қызметті жүзеге асыруға;
ВҒЗИ-ға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау кезінде заңнаманың, Бас Прокурор мен Академия ректорының актілерінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға;
құзыреті шегінде анықталған заң бұзушылықтарды жою және одан әрі болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға;
мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
нормативтік құқықтық актілерде, Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.
7. ВҒЗИ орталықтарының құзыреті қағидат бойынша лауазымдық (қызметтік) міндеттермен реттелген.
8. ВҒЗИ-дың функциялары:
1) ВҒЗИ-дың ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру және жоспарлау;
2) зерттеудің өзекті тақырыптарын айқындау тұрғысынан құқық қолдану практикасының мониторингі;
3) Академияның Ғылыми-әдістемелік кеңесінің қызметін қолдау;
4) жүргізілетін ведомствоаралық ғылыми зерттеулер туралы деректерді байқау, жинау, жинақтау, талдау, бағалау, тіркеу;
5) Академияның ғылыми-зерттеу қызметі мәселелерінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
6) ведомствоаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тәсілдерін, әдіснамасын әзірлеу;
7) өзекті ғылыми-зерттеу жұмыстарының деректер банкін қалыптастыру, ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің есебін енгізу;
8) құқық қорғау қызметі саласындағы құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, олардың мониторингі;
9) авторлық ұжымдарды қалыптастыру және ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің жұмыс жоспарларын әзірлеу;
10) құқық қорғау қызметі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
11) заңнамада, Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен құқық қолдану практикасында және білім беру процесінде ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін сынақтан өткізу;
12) талдаулар жүргізу, ғылыми-құқықтық ұстанымдарды әзірлеу және прокуратура органдарының әдістемелік ұсынымдары мен пилоттық жобаларына рецензия беру арқылы құқық қорғау органдарының қызметін ғылыми қамтамасыз етуге қатысу;
13) құқықтық тәртіп және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарды ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу;
14) отандық және шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен мекемелер өткізетін өңірлік, республикалық және халықаралық конференцияларды, ведомстволық және ведомствоаралық кеңестерді, семинарларды, дөңгелек үстелдерді және оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру және оларға қатысу;
15) ғылыми мақалаларды, оның ішінде импакт-факторы бар журналдарда дайындау және жариялау;
16) ВҒЗИ құзыреті шеңберінде актілер жобаларын әзірлеу, келісу, сараптаманы және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру;
17) қызметтердің ақылы түрлерін жүзеге асыру, ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысты қызметтердің, тауарлар мен жұмыстардың әлеуетті тапсырыс берушілерін іздеу;
18) ақылы қызмет түрлерін көрсету мәселелері бойынша Академияның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
19) ақылы қызмет түрлерін көрсетуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
3. ВҒЗИ-дың қызметін ұйымдастыру
9. ВҒЗИ заңнамалық актілерге, Президент актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, бұйрықтарға, өкімдерге, Бас Прокурор мен Академия ректорының нұсқауларына сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
10. ВҒЗИ-ды заңнамада белгіленген тәртіппен Академия ректоры лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын директор басқарады.
11. ВҒЗИ директорының орынбасары – Ғылыми превенция және ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру орталығының бастығы болады.
12. ВҒЗИ директоры ВҒЗИ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және ВҒЗИ-ға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады. ВҒЗИ директоры болмаған кезеңде оның міндеттерін Академия ректорының бұйрығымен бекітілген Академияның басшы лауазымды тұлғалары арасындағы міндеттерді бөлуге сәйкес айқындалатын тұлға атқарады.
13. Осы мақсатта директор:
1) Академияның жетекшілік ететін проректорымен келісілген ВҒЗИ-дың құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстарды Академия ректорына ұсынады;
2) Академияның жетекшілік ететін проректорымен келісу бойынша өзінің орынбасарының, орталық бастықтарының және ВҒЗИ қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;
3) ВҒЗИ жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, ВҒЗИ-дың Бас прокуратурамен, оның ведомстволарымен және мекемелерімен, Академияның құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралармен, орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
4) Бас Прокурордың, Академия ректорының бұйрықтарының, нұсқауларының, өкімдерінің, тапсырмаларының, Бас прокуратураның, Академияның алқалы органдары шешімдерінің, Бас Прокурор мен ректор жанындағы аппараттық және жедел кеңестер шешімдерінің ВҒЗИ құзыретіне жататын мәселелер бойынша орындалуын ұйымдастырады және бақылауды қамтамасыз етеді;
5) ВҒЗИ жұмысының мәселелері бойынша жедел кеңестер өткізеді, келіп түскен материалдар мен өтініштерді ВҒЗИ қызметкерлері арасында бөледі, оларға функционалдық міндеттеріне сәйкес тапсырмалар береді;
6) ВҒЗИ қызметкерлерін аттестаттауға материалдар дайындауды ұйымдастырады, олардың жұмысын бағалайды;
7) ВҒЗИ-да кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлерге тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;
8) Академия ректорына ВҒЗИ қызметкерлеріне сыныптық шен, сыныптық біліктілік беру, көтермелеу немесе тәртіптік шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
9) ВҒЗИ қызметкерлерінің орындаушылық, қызметтік және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді, олар үшін дербес жауапты болады;
10) заңдарға, Президент актілеріне, Бас Прокурордың және Академия ректорының бұйрықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14. ВҒЗИ директорының орынбасары – Ғылыми превенция және ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру орталығының бастығы:
1) өз өкілеттіктері шегінде ВҒЗИ-дың, оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
2) ВҒЗИ директорына кадрларды іріктеу, міндеттерді бөлу, Ғылыми превенция және ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру орталығының қызметкерлеріне қатысты сыныптық шен, сыныптық біліктілік беру, көтермелеу, тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
3) ВҒЗИ қызметкерлерін аттестаттауға материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;
4) өзі басқаратын бөлімшенің қызметіне басшылықты және бақылауды, қызметкерлердің орындаушылық, қызметтік және еңбек тәртібін сақтауын жүзеге асырады;
5) өзі басқаратын бөлімше қызметкерлері мен жұмыскерлерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайды;
6) жетекшілік ететін бағыттар мәселелері бойынша жедел кеңестер өткізеді, келіп түскен материалдар мен өтініштерді ВҒЗИ қызметкерлері арасында бөледі, оларға функционалдық міндеттеріне сәйкес тапсырмалар береді;
7) бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
8) Академияның алқалы органдарының жұмысына қатысады;
9) ВҒЗИ-да іс қағаздарын жүргізу жұмысын ұйымдастырады;
10) құзыреті шегінде ВҒЗИ директорының атына қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
11) ВҒЗИ-дың түсіндіру және имидждік жұмысын ұйымдастырады;
12) ВҒЗИ-дың мәдени-бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шараларын ұйымдастырады;
13) ВҒЗИ директоры болмаған кезеңде ВҒЗИ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
14) ВҒЗИ құзыретіне жататын мәселелер бойынша Президент Әкімшілігінің, Қауіпсіздік Кеңесінің бақылау тапсырмаларының, Бас прокуратура мен Академияның жоспарлы іс-шараларының, Бас Прокурордың, Академия ректорының, проректор-директордың бұйрықтарының, нұсқауларының, өкімдерінің, тапсырмаларының және бекітулерінің, соның ішінде жұмыс бағдарламалары мен күнтізбелік жоспарлардың, Бас прокуратура мен Академияның алқалы органдары шешімдерінің, Бас Прокурор мен Академия ректоры жанындағы аппараттық және жедел кеңестер шешімдерінің белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды, ақпараттардың басқа мемлекеттік органдарға уақтылы жолдануын қадағалайды;
15) заңдарға, Президент актілеріне, Бас Прокурор мен Академия ректорының бұйрықтарына сәйкес, сондай-ақ жетекшілік ететін проректор мен ВҒЗИ директоры жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15. ВҒЗИ қызметкерлері мен жұмыскерлері өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді міндеттерді бөлудің пәндік қағидатына сәйкес, сондай-ақ ВҒЗИ басшылығының өзге де тапсырмаларына сәйкес орындайды.
16. Академия басшылығына ВҒЗИ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жолданатын құжаттарға жетекшілік ететін проректор, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын тұлға қол қояды.
ВҒЗИ атынан Академияның басқа құрылымдық бөлімшелеріне ВҒЗИ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жолданатын құжаттарға ВҒЗИ директоры, ал ВҒЗИ директоры болмаған жағдайда – оны алмастыратын тұлға қол қояды.
17. ВҒЗИ тікелей Академия ректорына, жетекшілік ететін проректорға бағынады, ұйымдастырушылық және функционалдық тұрғыдан Академияның басқа құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды тұлғаларынан тәуелсіз болады.
18. ВҒЗИ-дағы жалпы іс жүргізу Прокуратураның органдары, ведомстволары, мекемелері және білім беру ұйымында құжаттандыру және құжаттарды басқару ережесіне және құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.