ШЕРЕМЕТЬЕВ МАКСИМ ИВАНОВИЧ
Институт директорының орынбасары
1981 жылы туған, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Сыныптық шені — аға әділет кеңесшісі.
Прокуратура органдарында 2002 жылдан бастап қызмет атқарады. 2012 жылдан бастап Бас прокуратурада. 2-Департаменттің (1-Қызмет) талдау бөлімшелерінде аға прокурор, бөлім бастығы, басқарма бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.
2018 жылдың қазан айынан бастап Академияның ВҒЗИ-да Қылмыстық процесс проблемаларын зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, бастығы болып қызмет атқарды.
2021 жылы наурызынан бастап — Академияның ВҒЗИ директорының орынбасары.
«Қазақстан Республикасындағы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің процестік шығындары» және «Жеке өмірге қол сұқпаушылық» монографияларының, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен басқарушылық қателіктердің аражігін ажырату жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың бірлескен авторы болып табылады.
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық-процесс, құқық қорғау қызметінің ашықтығы, жеке өмірге қол сұқпаушылық, киберқылмыс.
ORCID-профилі: https://orcid.org/0009-0004-6789-5432