Институт туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясы
ректорының 2024 жылғы «___» наурыздағы
№___ бұйрығына
2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кәсіптік оқыту институты туралы
 ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ереже

 

  1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кәсіптік оқыту институты (бұдан әрі –Институт, Академия, Бас прокуратура) Академияның дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Институт өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Институт қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор), Академия ректорының ұйымдастырушылық-өкімдік актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Институттың құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Академия ректорының ұсынымы бойынша Бас Прокурор айқындайды.
  4. Институт:

Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс басқармасы;

Прокурорлық қадағалау кафедрасы;

Қылмыстық қудалау және жедел іздестіру қызметі кафедрасы;

Қызметтік оқыту кафедрасы;

Жаһандық қауіптерге қарсы тұру үшін арнайы дайындық кафедрасынан тұрады.

 

  1. Институттың мақсаты, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Институттың мақсаты:

— құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлықтың білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ олармен жұмысты ұйымдастыру;

— құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлердің біліктілігін арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету;

— прокуратура органдарының (Бас прокурорлардың Үйлестіру кеңесі шеңберінде), ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салықтық (қаржылық) тергеп-тексеру органдарының (салықтық тергеп-тексеру органдарының Үйлестіру кеңесі шеңберінде) прокурорлық-тергеу қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын және базалық ұйым мәртебесінде және жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік Хаб ретінде өзге де халықаралық оқу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу:

— Институттың құзыреті шеңберінде ақылы қызмет түрлерін ұйымдастыру және жүзеге асыру.

  1. Институт қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері.

заңнамаға және Бас Прокурор мен Академия ректорының ұйымдастырушылық-өкімдік актілеріне сәйкес Институт қызметкерлері:

құқылы:

Бас прокуратура, Академия ректорының, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жанындағы кеңестерге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда ұйымдастырылатын және өткізілетін кеңестерге қатысуға;

Академияның құрылымдық бөлімшелерінен Институтқа жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

Институттың қызметіне қатысты мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен мекемелерден ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

заңнаманы жетілдіруге, Институттың және прокуратураның басқа да органдары мен мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіптік қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға және тағылымдамадан өтуге;

ғылыми-практикалық және өзге де білім беру іс-шараларына, оның ішінде халықаралық конференцияларға, семинарларға және дөңгелек үстелдерге қатысуға;

ғылыми мақалалар жариялауға;

Академияның, оның ішінде ғылыми зерттеулер мәселелері жөніндегі Институттың құрылымдық бөлімшелерімен белгіленген тәртіппен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;

заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

міндетті:

қолданыстағы заңнамаға және осы Ережеге сәйкес Институтқа жүктелген міндеттер мен функцияларды сапалы және уақтылы орындауға;

берілген өкілеттіктер шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес қызметті жүзеге асыруға;

Институтқа жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау кезінде заңнаманың, Бас Прокурордың және Академия ректорының актілерінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға;

Академияның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін Бас Прокурордың, Академия ректорының құқықтық актілерімен, Институттың міндеттері мен функцияларына қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілермен танысуға;

Институттың міндеттері мен функцияларына сәйкес құқықтық актілер мен ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың жобаларын әзірлеуге;

заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарауға;

Институт қызметін ұйымдастыруға қатысты, оның ішінде білім беру процесін жетілдіру мәселелері бойынша құқықтық актілерді әзірлеуге, бекітуге, өзектендіруге;

жобаларды қарауға және нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу кезінде жұмыс топтарына, ведомствоаралық кеңестерге қатысуға;

заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;

заңнамада, Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

  1. Институттың функциялары:

1) прокуратура органдарының, Қаржылық мониторинг агенттігінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қажеттіліктерін ескере отырып, тыңдаушылардың негізгі құзыреттерді (жалпы салалық, коммуникативтік, жазбаша, кәсіптік) зерделеуі және игеруі бойынша алғашқы кәсіптік даярлық курстарының оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;

2) Академия тыңдаушыларын қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау және оқудан шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

3) оқу процесін заңнамада, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) заңнамада, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

5) заңнамада, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тыңдаушылардың үлгеріміне ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;

6) заңнамада, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен Академия тыңдаушыларының тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру;

7) заңнамада және Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тыңдаушылардың оқу кезеңінде жатақханада тұруы үшін жағдайлар жасау;

8) құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдарды алғашқы кәсіптік даярлау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіптік қайта даярлау курстарының тиімділігіне талдау жүргізу;

9) Академия білім алушыларының ішкі тәртіп қағидаларында белгіленген талаптардың орындалуын ұйымдастыру, сондай-ақ олардың сақталуын бақылау;

10) заңнамада, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тыңдаушылар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

11) Институт пен Академияның практикалық қызметіне оң ұлттық және шетелдік тәжірибені, алғашқы кәсіптік даярлықтың, біліктілік арттырудың, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік даярлығы мен қайта даярлауының инновациялық нысандары мен әдістерін іздеу, зерделеу және енгізу;

12) құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылда олардың қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудағы сандық-сапалық қажеттілігін зерделеу және айқындау;

13) заңнамада, Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарының оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;

14) оқытушылар құрамын іріктеу және Институт лекторларының пулын қалыптастыру;

15) заңнамада, Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен Академия тыңдаушыларының білімін бақылауды жүзеге асыру;

16) Академия жасаған келісімдер, меморандумдар шеңберінде оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау;

17) қашықтан оқыту нысанын қолдану, кеңейту және жетілдіру;

18) Институттың профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

19) прокуратура органдарының, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салықтық (қаржылық) тергеу органдарының прокурорлық-тергеу қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстары және өзге де халықаралық білім беру іс-шаралары үшін оқу, арнайы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

20) құқық қорғау органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылда прокуратура органдарының, ТМД елдеріне қатысушы мемлекеттердің салық (қаржы) тергеп-тексеру органдарының прокурорлық-тергеу қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қажеттіліктерді зерделеу және айқындау;

21) ТМД елдеріне қатысушы мемлекеттердің прокуратура органдарының, салықтық (қаржылық) тергеп-тексеру органдарының прокурорлық-тергеу қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі базалық ұйым ретінде білім беру қызметін қамтамасыз ету;

22) Академия қызметінің бағыттары бойынша Жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хаб ретінде лекторлар пулын қалыптастыру;

23) жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы оқыту мәселелері бойынша конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға, вебинарларға, тренингтерге, жұмыс топтарына және басқа да іс-шараларға қатысу;

24) Жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хаб қызметінің нысаналы бағыттары бойынша жұмыс топтарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

25) оқыту іс-шараларын (семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер және т.б.) өткізу мәселелері бойынша мемлекеттік және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

26) қызметтердің ақылы түрлерін жүзеге асыру, қызметтердің, тауарлардың және жұмыстардың әлеуетті тапсырыс берушілерін іздеу;

27) ақылы қызмет түрлерін көрсету мәселелері бойынша Академияның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;

28) ақылы қызмет түрлерін көрсетуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

29) Институт пен Академияның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

30) нормативтік құқықтық актілерде, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

  1. Институттың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Институт заңнамалық актілерге, Президенттің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, бұйрықтарға, өкімдерге, Бас Прокурордың және Академия ректорының нұсқауларына сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
  2. Институтты заңнамада белгіленген тәртіппен Академия ректоры қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын директор басқарады.
  3. Институт директоры Институт қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және институтқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Институт директоры Академия ректорына Институттың құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.
  5. 12. Осы мақсатта Институт директоры:

1) Институттың Басқарма бастығының және Кафедра меңгерушілерінің өкілеттіктерін айқындайды;

2) Институттың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, Институттың Бас прокуратурамен, оның ведомстволарымен және мекемелерімен, Академияның құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық прокуратуралармен және оларға теңестірілген орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

3) Институт құзыретіне жататын мәселелер бойынша Бас Прокурордың, Академия ректорының, Академияның жетекшілік ететін проректорының бұйрықтарының, нұсқауларының, өкімдерінің, тапсырмаларының, Бас прокуратураның алқалы органдарының, Академияның, Бас Прокурор мен Академия ректор жанындағы аппараттық және жедел кеңестердің шешімдерінің орындалуын бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

4) Институт жұмысының мәселелері бойынша жедел кеңестер өткізеді, келіп түскен материалдар мен өтініштерді Институт қызметкерлері арасында бөледі, оларға функционалдық міндеттеріне сәйкес тапсырмалар береді;

5) Институт қызметкерлерін аттестаттау үшін материалдар дайындауды ұйымдастырады;

6) Институтта кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, бағынысты жұмыскерлер мен қызметкерлерге тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;

7) Академияның бірінші проректоры мен ректорына Институт қызметкерлеріне сыныптық шен, сыныптық біліктілік беру, көтермелеу немесе тәртіптік шараларды қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

8) Институт қызметкерлерінің орындаушылық, қызметтік және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді, олар үшін дербес жауапты болады;

9) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Бас Прокурордың және Академия ректорының бұйрықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Институт құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Академия басшылығына жіберілетін құжаттарға жетекшілік ететін проректор, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

Институт құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Институт атынан Академияның басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Институт директоры, ал Институт директоры болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

  1. Институтта жалпы іс жүргізу Прокуратураның органдары, ведомстволары, мекемелері және білім беру ұйымында құжаттандыру және құжаттарды басқару ережесіне және құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.