Академияның Диссертациялық кеңесіне ұсынылатын
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
Қорғауға қабылдағанға дейін:
1) Ізденуші қорғалатын диссертациялық кеңесті таңдау туралы Академия ректорының атына өтініш;
2) Төрағаның атына қорғауға қабылдау туралы өтініші (осы Ереженің 15-қосымшасы);
3) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) (бұдан әрі – электронды тасымалдағыш) диссертация. Диссертация мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде ұсынылады;
4) ғылыми кеңесшілердің жұмыс орны бойынша расталған пікірлері;
5) жетекшілік етуші проректор бекіткен ізденушінің диссертация жұмысы орындалған кафедраның кеңейтілген отырысының оң қорытытындысы;
6) ғылыми еңбектер мен олардың көшірмелерінің тізімі JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторға ие немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасында индекстелетін басылымдар; сондай-ақ Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша белгілі бір процентиль көрсеткіші бар басылымдар.
Егер JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы (немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасында индекстелетін) бар немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын рецензияланатын халықаралық ғылыми журналда 1 (бір) мақала болған жағдайда Басылымдар тізбесіндегі журналдарда 3 (үш) мақала болады.
Егер JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар немесе Scopus (Скопус) деректер базасында Cite Score (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 (жиырма бес) болатын журналда 1 (бір) мақала және JCR (ЖСР) базасының алғашқы 3 (үш) квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 50 (елу) болатын журналда 1 (бір) мақала болған жағдайда Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда мақала жариялау талап етілмейді.
Егер JCR (ЖСР) базасының бірінші квартиліне кіретін журналда бір ғылыми мақала болған жағдайда басқа жарияланымдар талап етілмейді.
Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді және ағымдағы нөмірлерде жарияланады. Бұл ретте мақала жариялау немесе диссертация қорғау кезінде журнал диссертация мазмұнына сәйкес келетін ең болмағанда бір ғылыми саладан Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткішіне немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) деректер базасында импакт-факторына (немесе индекстеледі) ие болады.
Ғылыми мақалалар рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, олар Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдардағы мақалалар ретінде саналады.
Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасына енгізілген шетелдік патенттер рецензияланатын халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдар ретінде саналады.
Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын диссертацияларды қорғау кезінде диссертацияның негізгі нәтижелері диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кемінде 4 (төрт) мақала Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарияланады.
Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы жарияланымдар «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының анықтамасымен расталады
7) диссертация тақырыбын бекіту және ғылыми кеңесшілердің тағайындауы туралы ЖОО-ның ғылыми кеңесі отырысы хаттамасының немесе өзге де куәландырушы құжаттардың үзінділері;
8) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдары мен оларға қосымшалар көшірмелері (ізденуші тегін ауыстырған жағдайда тегін ауыстырғанын растайтын құжат ұсынылады);
9) докторантураның оқу бағдарламасын менгергені туралы транскрип көшірмелері;
10) осы Ереженің 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ізденуші туралы мәліметтер.
11) ЖОО-ның немесе жұмыс орнының кадрлық қызметінің оқу орны бойынша фотосуреттерімен бірге расталған кадрларды тіркеу бойынша жеке парағы;
12) 1 басылым парақтан кем емес көлеміндегі мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде аннотация;
13) хабарландыру мәтіні (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде) (осы Ережеге 17-қосымша);
14) докторант оқыған ЖОО-ның этикалық комиссиясының зерттеу объектілерінің (тірі табиғат объектілері мен мекендеу ортасының) құқықтарын, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғауды қоса алғанда, ғылыми зерттеулерді жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және нәтижелерін тарату процесінде бұзушылықтардың жоқтығы туралы қорытындысы.
Қорғауға қабылдағаннан кейін:
15) ізденушінің автор мен дереккөзге сілтеме жасамай бөтен материалды пайдаланғаны бойынша диссертацияның тексерілгені туралы ҰМҒТСО-ның анықтамасы;
16) ресми рецензенттердің 2 (екі) пікірі;
Қорғаудан кейін:
17) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тегі, аты және әкесінің атының (ол болған жағдайда) жазылуы туралы мәлімет;
18) осы Ереженің 9-қосымшасындағы нысанға сәйкес Диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;
19) толық көлемдегі бейнежазба және диссертацияны қорғау бойынша төрағаның және ғылыми хатшының қолы қойылған, отырыстың стенограммасы қоса берілген Диссертациялық кеңес отырысының хаттамасы;
20) ҰМҒТСО берген мемлекеттік тіркеу нөмірі бар, осы Ереженің 14-қосымшасындағы нысанға сәйкес диссертацияның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі есепке алу карточкасы;
21) диссертацияны мемлекеттік тіркеуді растайтын ҰМҒТСО хабарламасы.