Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
2015 жылғы «28» желтоқсандағы
№164 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Ғылыми-әдістемелік кеңес (бұдан әрі — ҒӘК) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының бірыңғай ғылыми саясатын қалыптастыру мақсатында құрылған ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. ҒӘК өз қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау органдары туралы», «Прокуратура туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі — Академия) Жарғысын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. ҒӘК Академия базасында жұмыс істейді, оның құрамына келісім бойынша мыналар кіреді: жоғары оқу орындарының, құқық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері және қоғам қайраткерлері. ҒӘК құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Ескерту. 3-тармақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 144 және 2022 жылғы 30 маусымдағы №141 бұйрықтарымен өзгертілген.
2. ҒӘК-тің негізгі міндеттері
4. ҒӘК-тің негізгі міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен құқық қорғау қызметі саласындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ғылыми бөлімшелерінің білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар өткізетін конкурстарға қатысуы жөніндегі қызметті үйлестіру»;
Ескерту. 4-тармақтың 1) тармақшасына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 144бұйрығымен енгізілген өзгерту енгізілді.
2) құқық қолдану практикасын жетілдіру;
3) 3) құқық қорғау органдарының ғылыми бөлімшелеріне арналған ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің өзекті тақырыптарын анықтау;
Ескерту. 4-тармақтың 3) тармақшасына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы №144 бұйрығымен енгізілген өзгерту енгізілді.
4) алып тасталды; Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы №144 бұйрығы.
5) құқық қорғау органдарының ғылыми бөлімшелері үшін ғылыми-зерттеу міндеттерін белгілеу;
6) ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практикалық, нормашығармашылық қызметке және оқу үдерісіне енгізу тиімділігін талдау және бағалау.
Ескерту. 4-тармақтың 5) және 6) тармақшалары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 144 бұйрығымен өзгертілген.
3. ҒӘК функциялары
5. Жүктелген тапсырмаларды орындау үшін ҒӘК:
1) ведомствоаралық құқық қорғау қызметі саласындағы ғылыми зерттеулердің өзекті тақырыптарын, ғылыми зерттеулердің жоспарлары мен жұмыс бағдарламаларын анықтайды;
Ескерту. 5-тармақтың 1) тармақшасына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы №144 бұйрығымен енгізілген өзгерту енгізілді.
2) ведомствоаралық ғылыми тұжырымдамаларды, құқық қорғау органдарының ғылыми даму бағдарламаларына ұсыныстарды қарайды және бекітеді;
3) құқық қорғау қызметінің басым бағыттарын жүзеге асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары бойынша ұсынымдарды талқылайды және әзірлейді;
4) ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін құқық қорғау органдарының практикалық, нормашығармашылық қызметіне және оқу процесіне енгізу жөніндегі ұсынымдарды қарайды;
5) ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді жетілдіру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру шеңберінде алынған қаржы ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде ұсынымдар береді;
6) ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу үшін авторлық ұжымдарды құрады;
7) ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді енгізудің тиімділігін талдайды;
Ескерту. 5-тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшалары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 144бұйрығымен өзгертілген.
8) алынып тасталды; Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы №144 бұйрығы.
9) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары арасында ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен ақпараттық материалдардың өзара тиімді алмасуына ықпал етеді;
10) құқық қорғау органдарының, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының басшыларымен келісім бойынша ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің авторлық ұжымдарының мүшелерін іссапарларға жіберу бойынша ұсыныстар енгізеді;
Ескерту. 5-тармақтың 10) тармақшасы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 144бұйрығымен өзгертілген.
11) ғылыми ұйымдармен және жоғары оқу орындармен, оның ішінде халықаралық ЖОО-лармен бірлесіп, ғылыми зерттеулер жүргізуге жәрдемдеседі;
12) жүргізілген ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді тыңдайды.
Ескерту. 5-тармақтың 12) тармақшасына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы №144 бұйрығымен өзгерту енгізілді.
4. ҒӘК сайлау және жұмыс тәртібі
6. ҒӘК төрағасы Академия ректоры болып табылады. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын ректорды алмастыратын адам атқарады.
7. ҒӘК отырысын қажетіне қарай оның төрағасы шақырады.
Ескерту. 6 және 7-тармақтар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 144 бұйрығымен өзгертілген, 7-тармақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 141 бұйрығымен өзгертілген..
8. ҒӘК шешімдері ұсынымдық сипатта болып табылады.
9. ҒӘК Төрағасы:
1) жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) ҒӘК жұмысын жоспарлайды және қабылданған шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды анықтайды;
3) отырыстардың күн тәртібін, қорытынды құжаттарды және қаралып жатқан мәселелер бойынша ұсыныстарды бекітеді;
4) ҒӘК шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
5) ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің жұмыс бағдарламаларын бекітеді;
6) ҒӘК-тің мүдделі мүшелерінің келісімімен өзара қызығушылық тудыратын ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің жұмыс бағдарламаларын бекітеді;
Ескерту. 9-тармақтың 5) және 6) тармақшалары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 144бұйрығымен өзгертілген.
7) жүргізілген ведомствоаралық ғылыми зерттеудің нәтижелері туралы есептерді бекітеді;
8) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ҒӘК-тің мақұлдауына келіп түскен өтінімдерді, сондай-ақ жүргізілген және аяқталған ғылыми зерттеулер бойынша өзге де материалдарды қарау үшін сарапшыларды тағайындайды;
10. Хатшылық ҒӘК-тің жұмыс органы болып табылады.
11. ҒӘК хатшысы — Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры болып табылады.
12. ҒӘК Хатшылығының құрамы Академия қызметкерлерінен, құқық қорғау органдарының, ведомстволық оқу орындарының өкілдерінен келісім бойынша құрылады, Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Ескерту. 12-тармақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 144 және 2022 жылғы 30 маусымдағы №141 бұйрықтарымен өзгертілген.
13. Хатшылық ҒӘК-тің тиісті жұмыстарын, атап айтқанда:
1) ҒӘК жұмыс жоспарын жасайды;
2) ҒӘК мүшелерін кездесудің күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді;
3) отырыста қарауға шығарылатын материалдардың дайындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
4) отырыс хаттамасын жасайды;
5) ҒӘК шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
6) ҒӘК жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де тапсырмаларды орындайды;
7) құқық қорғау органдарына, басқалар ғылыми ұйымдарға, оқу мекемелеріне, ғылыми жұртшылық өкілдеріне сұрау салулар жібереді;
8) ведомствоаралық ғылыми зерттеулерге мониторинг жүргізеді.
Ескерту. 13-тармақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы №144 бұйрығымен енгізілген өзгертумен.
14. алынып тасталды; Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы №144 бұйрығы.
15. алынып тасталды; Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы №144 бұйрығы.
16. алынып тасталды; Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы №144 бұйрығы.
17. ҒӘК мүшесі құқылы:
1) талқыланатын мәселелердің мәні бойынша және күн тәртібі бойынша ұсыныстар, ескертулер мен түзетулер енгізуге;
2) ҒӘК отырыстарына материалдарды, сондай-ақ оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысуға, ҒӘК шешімдерін іске асыруға қатысуға;
3) ҒӘК отырыстарының хаттамалары мен материалдарымен танысуға;
4) ҒӘК мүшелері қабылдауы мүмкін және кейінгі талқылаулар үшін ұсыныстар, ескертулер, құжаттар мен шешімдердің жобаларын енгізуге;
5) ҒӘК шешімімен келіспесеңіз, ҒӘК отырысының хаттамасына және осы пікір білдірілген шешімге қатысты тіркелетін пікіріңізді жазбаша түрде көрсетуге;
6) шығарылған; Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы №144 бұйрығы.
18. ҒӘК мүшесі міндетті:
1) кеңес отырыстарына қатысуға, оның жұмысына белсенді қатысуға, өзіне жүктелген міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға;
2) ҒӘК функциялары мен міндеттерін жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
3) ҒӘК отырысына дәлелді себептермен қатысу мүмкін болмаған жағдайда, ҒӘК хатшысын хабардар етуге және отырыс басталғанға дейін қаралып жатқан мәселелер бойынша өз ұсыныстарын жазбаша түрде жіберуге;
Ескерту. 18-тармақтың 3) тармақшасына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 144 және 2022 жылғы 30 маусымдағыв №141 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.
19. ҒӘК оффлайн, онлайн және/немесе қашықтық форматында мүшелердің кемінде 2/3 бөлігінің қатысуымен жүзеге асырылады. ҒӘК шешімдері қатысушы ҒӘК мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. ҒӘК мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Ескерту. 19-тармақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 30 маусымдағы №141 бұйрығымен өзгерістер енгізілген..
20. ҒӘК отырыстары мен ол қабылдаған шешімдер төраға қол қоятын хаттамаға енгізіледі.
21. Отырыстың күні мен күн тәртібі және онда қаралатын мәселелер туралы Хатшылық ҒӘК мүшелерін 7 жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді. ҒӘК отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша материалдар және хаттама жобасы олардың отырыста қаралуына дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей Ғәк мүшелеріне жолданады.
22.алынып тасталды; Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы №144 бұйрығы.
2-қосымша алынып тасталды; Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 қарашадағы №144 бұйрығы.