СЕЙТАЕВА ЖАНАР СЕКЕЖАНҚЫЗЫ
Кафедра меңгерушісі
Сыныптық шені: аға әділет кеңесшісі
Білімі: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан тұтынушылар одағының Қарағанды университеті, Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы (Алматы қ.)
Еңбек өтілі: прокуратура органдарында – 10 жыл 4 ай, оның ішінде құқық қорғау органдарының академиясында – 10 жыл
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Халықаралық көші-қон ұйымының сарапшысы (адам саудасына қарсы іс-қимыл), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сарапшысы (адам саудасына қарсы іс-қимыл, гендерлік мәселелер)
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сараптамалық кеңесінің мүшесі
Оқытатын тақырыптары:
1.«Адам саудасына қарсы іс-қимыл»;
2.«Адам құқықтарын қорғау»;
3.«Гендерлік саясат».
Жетістіктері: «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының қаржы полициясына 20 жыл», II дәрежелі «Прокуратура үздігі», III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»; II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»; I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»; «Құқық қорғау органдары академиясына 10 жыл»; «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық және ведомстволық медальдарымен марапатталған, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар басшыларының, халықаралық ұйымдардың және шет елдер дипломатиялық өкілдіктері басшыларының алғыс хаттарымен марапатталған.
Сертификаттары: адам саудасына қарсы іс-қимыл; киберқылмысқа қарсы іс-қимыл; жасанды интеллект; оқытушылық қызмет дағдыларын жетілдіру; есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл тақырыптарындағы біліктілікті арттыру тренингтері мен курстарына қатысқан.
Жарияланымдары: адам құқықтары, адам саудасына қарсы күрес, заңсыз көші-қон және құқық қорғау қызметінің басқа да өзекті мәселелері бойынша 60-тан астам жарияланым (оның ішінде ҚР БҒМ ҒЖБСК ұсынған журналдарда және Scopus рецензияланатын әдебиеттер базасында).
Ғылыми еңбектері: 4 оқу құралы, 1 практикалық нұсқаулық. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған «Есірткі қылмыстарынан түскен кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл» симуляциялық жаттығуын әзірлеу бойынша ҚР Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтының авторлық куәлігі № 5422, 23.09.2019 ж.
МЫҢЖАНОВ ЕРЛАН ҚАЙРАТҰЛЫ
Доцент
Сыныптық шені: Әділет кеңесшісі
Білімі: М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Қазақ гуманитарлық заң университеті Жұмыс өтілі: Прокуратура органдарында – 16 жыл, 5 ай, оның ішінде Құқық қорғау органдары академиясында — 10 жыл
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: Құқық магистрі
Оқытатын тақырыптары:
1.«Қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл»;
2.«Қылмыстық кірістерді іздеу, тыйым салу және тәркілеу құралдары»;
3.«Қылмыстық кірістерді заңдастырудың криминалистикалық сипаттамасы»;
4.«Параллельді қаржылық тергеп-тексеру жүргізу және шетелден қылмыстық активтерді қайтару бойынша шаралар қабылдау».
Жетістіктері: Мерейтойлық және ведомстволық медальдармен марапатталған: «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», II дәрежелі «Прокуратура үздігі», III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына 10 жыл»;
— Қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл саласындағы БҰҰ ЕҚБ (УНП ООН) тренері болып табылады;
— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторантурасын тәмамдаған (диссертация тақырыбы: «Қылмыстық кірістерді заңдастыру саласындағы қылмыстарды тергеп-тексерудің теориялық және практикалық негіздері»);
— «Қаржылық тергеп-тексеру және заңсыз активтерді қайтару» атты семинар-тренинг бағдарламасын «өтпелі іс» бойынша практикалық сабағымен бірге әзірлеп, енгізді (ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымында оқыту шеңберінде);
— Комплаенс-қызметтер үшін «Комплаенс-офицерлердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа және қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты мамандандырылған курсты әзірледі және апробациядан өткізді;
— Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру (КЗ/ТҚ) тәуекелдерін бағалау және Еуразиялық топтың (ЕАТ) өзара бағалауына дайындық жөніндегі жұмыс тобына қатысты;
— КЗ/ТҚ-ға қарсы іс-қимыл саласындағы мамандарды кәсіби аккредиттеудің ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.
Сертификаттар: Қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл, жасанды интеллектті қолдану, цифрлық активтерді басқару және жобалық менеджмент салаларында біліктілікті арттыру туралы сертификаттары бар.
Ғылыми еңбектері: «Ұрланған активтерді қайтару» тақырыбында оқу құралы жарық көрді; жетекші отандық және халықаралық басылымдарда 13-тен астам ғылыми мақаласы жарияланды (оның ішінде 3-еуі Scopus, Web of Science базаларында және 3-еуі ККСОН (ВАК) тізімінде); қаржылық тергеп-тексеру және заңсыз активтерді қайтару бойынша ұсынымдар жинағы қалыптастырылды; «RFID-белгісі мен QR-кодын пайдалана отырып, заттай дәлелдемелерді буып-түюге және сақтауға арналған қағаз-пластик қап» пайдалы моделіне патент алынды.
РАХИМОВ НҰРҒАЛИ БЕРІКҰЛЫ
Доцент
Сыныптық шені: әділет кеңесшісі
Білімі: акад. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, заң ғылымдарының магистрі
Жұмыс өтілі: прокуратура органдарында – 18 жыл, 5 ай, оның ішінде Құқық қорғау органдары академиясында – 10 жыл 5 ай
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ
Оқытылатын пәндерінің тақырыптары:
- «Құқық қорғау органдарындағы норма шығармашылық қызмет»;
- «Діни экстремизмнің алдын алу негіздері»;
- «Қылмыстық процесс принциптерінің құқықтық проблемаларды шешудегі теориялық және практикалық маңызы»;
- «Мектептегі терроризм: негізгі себептері және оқу орындарын терроризмге қарсы қорғауды жетілдіру жолдары»;
- «Қазіргі экстремизм: бірыңғай анықтамасын қалыптастыру проблемасы және пайда болуының негізгі себептері»;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері»;
- «Қоғамда заң мен тәртіп қағидатын ілгерілетудің өзекті мәселелері».
Жетістіктері: «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», II дәрежелі «Прокуратура үздігі», III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»; II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен марапатталған.
Сертификаттар: «Оқытушылық дағдыларды дамыту» тақырыбында Педагогикалық шеберлік мектебі шеңберінде оқыту семинарына қатысу туралы; экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинарларға, тренингтерге және біліктілікті арттыру курстарына қатысу туралы; құқық қорғау қызметінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды пайдалану бойынша курстарын өту туралы.
Ғылыми жұмыстары: мемлекеттік тілді қолдануды құқықтық реттеудің теориялық және практикалық аспектілеріне, нормашығармашылыққа, Қазақстандағы сот төрелігінің конституциялық принциптеріне, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылға арналған 20-дан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің, соның ішінде «Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылық қызметі», «Құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемалары», «Теоретико-практические вопросы идентификации экстремистского контента» оқу-әдістемелік құралдарының, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің конституциялық-құқықтық мәртебесі: теориялық және практикалық аспектілері» монографиясының авторы.
БИСЕКЕШЕВА ДАРИАНА МҰХАМБЕТҚЫЗ
Аға оқытушы
Сыныптық шені: Әділет кеңесшісі
Білімі: «Әділет» жоғары заң мектебі Академиясы.
Еңбек өтілі: прокуратура органдарында – 17 жыл, 3 ай, оның ішінде
Құқық қорғау органдары академиясында – 8 жыл.
Оқытатын тақырыптары:
1.«Қылмыстық табыстарды заңдастыруға қарсы іс-қимыл»;
- «Қылмыстық табыстарды іздеу, тыйым салу және тәркілеу құралдары»;
3.«Қылмыстық табыстарды заңдастырудың криминалистикалық сипаттамасы»;
4.«Шетелден қылмыстық активтерді қайтару бойынша параллельді қаржылық тергеу жүргізу және шаралар қабылдау».
Жетістіктері: Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және Құқық қорғау органдары академиясы Ректорының алғыс хаттарымен марапатталған, «Мінсіз қызметі үшін» II, III дәрежелі медальдарының иегері.
Сертификаттары:
-Педагогикалық шеберлік мектебі аясында өткен оқыту семинарына қатысу туралы:
-«Оқытушылық дағдыларды дамыту» тақырыбында;
-«Сабақта «Төңкерілген сынып» моделін қолдану: теориядан практикаға» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысу туралы;
-«Бейне түсіру және монтаж негіздері» тақырыбындағы семинар, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Педагогикалық шеберлік орталығы.
Жарияланымдары:
«Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы жазалардың жіктелуі: қолдану және әмбебаптық аспектілері» «Жаһандық ғылым және инновация: Орталық Азия» журналы №2 (20) қыркүйек 2023 ж.
«Қылмыстық-атқару жүйесінде электронды бақылау құралдарын қолдану: Халықаралық және Қазақстандық тәжірибе» «ЗАҢ ӘЛЕМІ» құқықтық ғылыми-практикалық журналы №№ 03-04 (263-264) 2024 жыл;
«Электрондық білезіктің тиімді тұсы» «Егемен Қазақстан» газеті № 177 (309006) 13.09.2024 ж.
«Қазақстандық шындық» газеті № 177 (309006) 28.08.2025 ж.
«Қайталама виктимизация: пенитенциарлық жүйенің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болған әйелдердің тұлғасына әсері» «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық: себептері, салдары, практикалық шешімдер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. 25.09.2025 ж. ISBN -978-601-384-381-0.