ЖҮСІПОВ ЖАН ОРАЛҰЛЫ
Орталық директорының орынбасары – халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы
Оқу-әдістемелік кеңес пен Ғылыми кеңестің мүшесі.
Жетістіктері:
ҚР құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервін даярлау курстарының оқу бағдарламаларын әзірлеуге және ұйымдастыруға қатысқан;
Академияға ТМД қатысушы мемлекеттерінің салық (қаржылық) тергеу органдары мен прокурорлық-тергеу қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі базалық ұйым мәртебесін беру мәселесі бойынша дайындық және таныстырылым жұмыстарына қатысқан;
Қызметтегі елеулі жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ «Мінсіз қызметі үшін» III, II және I дәрежелі медальдарымен марапатталған, мерзімінен бұрын сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі берілген;
ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың сертификаттарына ие.
Ғылыми қызығушылық саласы:
қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау.