ОНГАРОВА РОЗА КЕНЕСОВНА
Институт директорының орынбасары-басқарма бастығы
Сынып дәрежесі: аға әділет кеңесшісі
Академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының магистрі
Еңбек өтілі: құқық қорғау органдарында 30 жылдан астам
Ғылыми қызығушылықтар саласы: құқық қорғау органдарын кадрлық қамтамасыз ету
Қызмет бағыты: білім беру қызметін нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ магистранттар мен докторанттармен жұмысты ұйымдастыру
АЙТПАЕВА САУЛЕ МУХАНБЕДИАНОВНА
(2025 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Академияның Кәсіптік оқыту институтына ауыстырылды)
Профессор
Сынып дәрежесі: 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
Ғылыми қызығушылықтар саласы: Құқық қорғау қызметіндегі ұйымдастырушылық қызмет; діни-саяси экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері.
Марапаттар: ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медаль, «Прокуратураның құрметті қызметкері» төс белгісі.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
- Құқық қорғау қызметінде ұйымдастырушылық қызмет;
- Құқық қорғау органдарында заң хатының әдістемесі;
- Діни-саяси экстремизмге қарсы іс-қимылдың проблемалары.
ТУЛЕУОВА МУЛДИР ЕРЛАНОВНА
(2025 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтына ауыстырылды)
Аға оқытушы
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының магистрі.
Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі: 10 жыл
Магистрлік диссертацияның тақырыбы: «Алдын ала тергеу сатысында қорғаушының қатысуы, қылмыстық процеске қатысушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етудің құралы: проблемалы аспектілері»
Ғылыми қызығушылықтар саласы: Қылмыстық-процестік құқық.
Ғылыми еңбектері: 50-дан астам жарияланған жұмыстары бар.
Магистратурада оқытылатын пәндер:
- Қазақстан Республикасының қылмыстық қудалау органдарының теориясы мен практикасындағы жасырын тергеу әрекеттері;
- Қылмыстық-процестік мәжбүрлеу шараларын құқықтық реттеу және құқық қолдану практикасының проблемалары;
- Қылмыстық сот өндірісінде қылмыстық процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану практикасы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы.
СУЛЕЙМЕНОВ НАРИМАН АБДЫЛХАМИТОВИЧ
Аға оқытушы
(2026 жылдың 10 ақпаннан бастап Академияның зейнеткері)
Сыныптық шені: әділет кеңесшісі
Білімі: «Фемида» заң академиясы, мемлекеттік басқару магистрі (РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы, Мәскеу қ.). Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясі.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: Доктор PHD
Көрсетілген саладағы жұмыс тәжірибесі: Прокуратура органдарында 18 жыл, оның ішінде 10 жыл қоғамдық мүдделерді қорғау саласында қадағалауды жүзеге асырды
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 1,9 жылдың
Оқытатын пәндері: «Инвестицияларды қолдау және прокурорлармен маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу саласындағы заңдылықты прокурорлық қадағалау негіздері».
Жетістіктер:
2, 3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальмен, Астана қаласы прокурорының Алғыс хатымен марапатталған;
Ғылыми еңбектері мен жарияланымдары: 7 ғылыми мақала дайындап, жариялады (оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда және рецензияланатын Scopus әдебиетінің рефераттық дерекқорында).
Оқу-әдістемелік қызмет
«Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы заң терминдерінің сөздігін» 3 тілде (мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде) дайындап шығарды. «06.04.2021 ж. №16382 авторлық құқықпен қорғалатын құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берген куәлік алынды.
ТАЛКИБАЕВ АСКАР БУЛАТОВИЧ
Аға оқытушы
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының магистрі
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 7 жыл
Магистрлік диссертация тақырыбы: «Совершенствование правоприменительной практики при выявлении и расследовании преступлений в сфере интеллектуальной собственности в Республике Казахстан»
Ғылыми қызығушылықтар саласы: зияткерлік меншікті құқықтық қорғау, қылмыстық процесс.
Ғылыми еңбектері: 10-нан астам ғылыми еңбектердің авторы, соның ішінде, «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында шығарылатын іс жүргізу құжаттарының үлгілері» (1-том) және «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында шығарылатын іс жүргізу құжаттарын ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың» (2-том) әдістемелік құралдары.
Магистратура мен докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының заманауи проблемалары;
— Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы;
— Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқық қолдану практикасының проблемалары;
— Процессуалдық қызметте медиацияны және сот төрелігін қалпына келтірудің басқа бағдарламаларын қолдану;
— Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын құқық қорғау органдарының қызметінде қолданудың проблемалық аспектілері;
— Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану проблемалары.