Академияның жас ғалымдар кеңесі туралы регламенті

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

жанындағы

Құқық қорғау органдары

академиясы ректорының

2021 жылғы «12» желтоқсан  № 96 бұйрығына 2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының Жас ғалымдар кеңесі туралы

РЕГЛАМЕНТІ

 

Осы Ереже Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі — Академия) Жас ғалымдар кеңесі мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Академияның Жас ғалымдар кеңесі (бұдан әрі — Кеңес) ерікті негіздегі тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы кеңесші орган болып табылады.
  3. Кеңес қызметінің құқықтық негізі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Білім туралы» заңы, ҚР «Ғылым туралы» заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілер болып табылады. Кеңес өз қызметінде Академияның жарғысын, осы Регламентті, Академия ректорының бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.
  4. Академияда Кеңес докторанттар мен магистранттардың ғылыми қызметінің тиімділігін көтеру, заң және қоғамдық ғылымдардың өзекті мәселелерін шешуге қатыстыру үшін құрылады.
  5. Жас ғалымдар кеңесі өз қызметін Кеңес төрағасымен бекітілген жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады.
  6. Жас ғалымдар болып магистранттар мен докторанттар танылады. Кенестің құрамына Академияның оқытушылары мен басқа да қызметкелері кіреді.
  7. Кеңес қызметін үйлестіру, оның ішінде отырыстардың хаттамалары мен оларға материалдарды сақтау 3-Институттың әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасына жүктеледі.

 

  1. Жас ғалымдар кеңесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері
  2. Кеңес қызметінің мақсаттары болып Академияның жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттарының кәсіби өсуіне ықпал ету, ғылыми әлеуеттерін дамыту және шығармашылық мүмкіндіктерін құқық қорғау саласы тәжірибесіндегі міндеттерін орындау барысында жүзеге асыру болып табылады.
  3. Кеңес қызметінің міндеттері болып:

         1) жас ғалымдарға ғылыми зерттеулердің әдістері мен әдіснамаларын меңгеруде консультативті көмек көрсету;

2) магистранттар мен докторанттарға, жас ғалымдарға ғылыми жұмыстарын жариялауда ғылыми-әдіснамалық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;

3) өзге отандық және шетел жоғары оқу орындарының ғылыми ұйымдарының Жас ғалымдар кеңесімен байланыс желілерін қалыптастыру және кеңейту;

4) магистранттар мен докторанттардың, жас мамандардың күш-жігерін өзекті ғылыми проблемаларды және басым ғылыми міндеттерді шешуге біріктіру болып табылады.

  1. Кеңес қойылған міндеттерді орындау үшін:

1) конференциялар, семинарлар және жас ғалымдар мен ғылыми мектептердің кездесулерін, жетекші ғалымдардың дәрістер циклдерін өткізуді ұйымдастырады.

2) жас ғалымдардың республикалық және халықаралық конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға, тағылымдамаларға қатысуларына жәрдемдеседі.

3)      қорлар, гранттар, конференциялар, мектептер, конкурстар және өзге де  Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетел елдерінің іс-шаралары туралы ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды іске асырады;

4) ғылыми жұмыстарды жариялауда жас ғалымдарға ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.

  1. Кеңестің құқығы бар:

1) Кеңестің жұмысымен байланысты барлық сұрақтар бойынша, жас ғалымдардың ғылыми қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;

2) жекелеген жас ғалымдардың жеткен табыстары үшін қолдау және марапаттау туралы ұсыныстар енгізуге;

3) ғылыми конференцияларда, семинарларда, симпозиумдарда және т.б. қатысу үшін жас ғалымдар кандидатурасын ұсынуға.

  1. Кеңесті жедел басқару мақсатында Кеңес төрағасы сайланады. Төраға Кеңес қызметін ұйымдастырады және ұйымның жас ғалымдары мүдделерін білдіреді. Академияның Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Академия қызметкерлері қатарынан сайланады.
  2. Егерде Жас ғалымдар кеңесінің тізімдік құрамының 2/3 астамы отырысқа қатысқан болса, жиналыс заңды болып есептеледі.
  3. Қойылған міндеттерді шешуге арналған Кеңестің белсенді құрамы жалпы жиналыспен анықталады.
  4. Жас ғалымдар кеңесінің отырысы айына 1 реттен кем емес онлайн немесе офлайн форматта өткізіледі. Талқылау қорытындылары шешім түрінде ресімделеді, отырыстың барысы хаттамаға тіркеледі. Кеңес хаттамалары мен шешімдері Кеңес төрағасында сақталады.
  5. Кеңес шешімі ашық дауыс беру жолымен отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелері жалпы санының жай басылым дауысымен қабылданады. Талқыланып отырған сұрақ бойынша дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады. Кеңес мүшесі немесе мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, өздерінің ерекше пікірлерін білдіруге құқылы.