Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін құқық қорғау қызметіне кадрларды іріктеу және даярлық тәртібі жетілдірілді.
Жаңа білім беру жобасы – құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіби даярлық енгізілді.
Құқық қорғау органдары академиясындағы кәсіптік даярлық прокуратура органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі үшін жас мамандардың қызметке кіруінің міндетті шарты болады.
Толығырақ ақпаратты Кадрлық дамыту басқармасы бастығының орынбасарының сұхбатынан (https://www.youtube.com/watch?v=VFokbVDh_4M) және Бас прокуратураның ресми интернет-ресурсынан (http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kukyk-korgau-organdaryna-kyzmetke-kabyldaudyn-zhana-trtibi-turaly) табуға болады.