Соңғы лауазымы: Нархоз Университетінің профессоры
Туған күні: 08.12.1940
Туған жері: Арал қаласы, Қызылорда облысы
Отбасылық жағдайы, туыстық байланыстары:
- Үйленген;
- Балалары: екеу
Тілдерді меңгеруі:
- Орыс тілі, қазақ тілі
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- Жоғары заңгерлік, құқықтану
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі;
- Заң ғылымдарының докторы, профессор. Диссертация тақырыбы: «Концептуальные подходы к решению проблем обеспечения принципа законности в уголовном судопроизводстве Республики Казахстан».
Еңбек өтілі:
- Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеушісі (1970-1973);
- Қазақ КСР Прокуроры жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші (1973-1978);
- Қазақ КСР Прокуратурасының тергеу басқармасының прокуроры (1978-1979);
- Алматы облыстық сотының судьясы (1979-1981);
- Жетісу көлік прокуроры (1981-1983);
- Алматы қ. прокурорының бірінші орынбасары (1983-1984);
- Оңтүстік-Шығыс (Алматы) аймақтық көлік прокуроры (1984-1988);
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары (1988-1992);
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (1992-1994);
- ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты,20 Сот-құқықтық реформа және адам құқықтары жөніндегі комитетінің төрағасы (1994-1995);
- ҚР Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары (1995-1996);
- ҚР Бас прокуратурасының Аппарат басшысы, Департамент бастығы (1997-2000);
- ҚР Бас прокуратурасының Институт директоры (2000-2004);
- Каспий қоғамдық университетінің ЖҚМ «Әділет» профессоры (2005-2019)
Сайлау және қоғамдық лауазымдары, депутаттығы:
- Алматы қаласы Октябрь аудандық депутаттар кеңесінің экс-депутаты;
- Алматы қалалық депутаттар кеңесінің экс-депутаты;
- ҚР Жоғарғы Кеңесінің экс-депутаты;
- ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі
- Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының қазіргі мүшесі
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, премиялары, құрметті атақтары:
- КСРО прокуратурасының құрметті қызметкері;
- ҚР ІІМ құрметті ардагері;
- Қызылорда облысы Арал ауданының құрметті азаматы;
- Қазақстан Республикасының құрметті азаматы;
- Тәуелсіздік күніне, Парламенттің, Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 10 жылдығына арналған мерекелік медальдар, «Еңбек ардагері» медалі.
Ғылыми еңбектері, жарияланымдары:
- 170 ғылыми, оқу-практикалық және басқа еңбектердің авторы
Әскери қызметі, әскери және арнаулы атақтары, сыныптық шендері:
- Кеңес Армиясында ГККТ — Германиядағы кеңес күштерінің тобында қызмет етуі (1962 — 1965), запастағы аға сержант;
- 3-сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі (отставкадағы)