2020 жылдың 26 маусымда қашықтықтан Академия Ғылыми кеңесі өтті.
2019-2020 оқу жылы бойынша Академия Оқу-әдістемелік кеңес жұмысының, Мемлекеттік аттестациялық комиссия төрағаларының, Академияның баспа қызметінің жағдайы туралы есептері қарастырылды, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды курстан курсқа көшіру үшін ең төменгі ауысу балының шамасы, магистратура мен докторантураға арналған Кешенді емтихан бағдарламасы, Академияның академиялық күнтізбесі, 2020 жылғы жинаққа магистатура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу-жұмыс жоспарлары бекітілді.
Осы Ғылыми кеңесте, 2020 жылы Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсу үшін шекті балл белгіленді және Академия қызметкерлеріне ғылыми атақ алғаны үшін төлем мен докторанттың диссертациялық зерттеу тақырыбын өзгерту туралы сұрақтар қарастырылды.
Ғылыми кеңес шешімімен Құқық қорғау органдары академиясының «Құрметті профессоры» атағы з.ғ.д., профессор С.К. Жүрсімбаевқа берілді.
Сондай-ақ, Академия қызметкерлерінің келесі ғылыми және оқу еңбектері жариялауға ұсынылды: «Уголовно-правовые меры противодействия транснациональной организованной преступности в Республике Казахстан» атты оқу құралы (авторы Д.Т. Амуртаева); «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты оқу құралы (авторлары: Е.Е. Каженов, А.С. Каженова); «Смысловые образования личности преподавателя вуза» атты монография (авторы З.Ж. Шахарбаева).