Минскіде аяқталған халықаралық конкурстың қорытындысы бойынша, профессор Ернар Бегалиевтің жетекшілігімен Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының авторлық ұжымы дайындаған «шет мемлекеттердегі прокуратура» кітабы жеңіске жетті. Қазақстандық ғалымдардың жұмысы жоғары бағаға ие болып, Беларусь Республикасы Әділет министрінің дипломымен марапатталды.
2003 жылы белгілі белоруссиялық адвокат және құқықтанушы В. Спасовичтің құрметіне құрылған конкурс заң қоғамдастығында кең пікірге ие.
Биылғы жылы байқауға 11 номинация бойынша жүзден астам жұмыс ұсынылды. Ғылыми құралдар мен жарияланымдардан басқа, комиссия құқықтық тақырыптағы ақпараттық материалдарды, құқық және құқық қолдану практикасы саласындағы ең өзекті мәселелерді жариялайтын басылымдар мен шығармашылық жобаларды бағалады.