Құқық қорғау органдары академиясы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі арасында онлайн-кездесу өтті.
Әңгімелесу барысында пандемия жағдайындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, адам құқықтарын қорғау саласында бірлескен іс-шаралар өткізуге қатысты пікір алмасты.
Кездесуге қатысушылар үздіксіз білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша жаңа мүмкіндіктер жасауға ерекше қызығушылық танытты.
Осыған байланысты шетелдік сарапшыларды тарта отырып онлайн режимде тренингтер ұйымдастыру, сондай-ақ қашықтықтан қол жеткізу үшін қашықтықтан оқыту платформаларын бірлесіп әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.