Бүгін Бас прокуратурада Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов Есірткімен халықаралық деңгейде күрес және заңдылықты сақтау бойынша бюросындағы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы орынбасарының көмекшісі Йорган Эндрюспен кездесті.
Йохан Эндрюс Еуропада мен Азиядағы халықаралық әріптестермен бірге жүзеге асырылған есірткінің заңсыз айналымын алдын алу сұрақтары бойынша INL бағдарламаларына жетекшілік етеді.
Қонақты қарсы ала отырып, Академияның басшысы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету сұрақтары бойынша Қазақстан мен АҚШ-тың құзыретті органдары арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Біздің елдеріміз халықаралық қауіпсіздікті нығайту мен заманауи әлемнің қауіп-қатерлеріне қарсы тұрудың барлық маңызды аспектілері бойынша ынтымақтасып жатқанын айтып кетті.
Кездесу барысында трансұлттық қылмысқа қарсы күрестегі екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, олар есірткі қылмысына, адам саудасына, терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру жөніндегі күш-жігерді біріктірудің және шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Осы мақсатта, АҚШ Елшілігімен бірлесіп, Қазақстанның құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған оқыту тренингтерінің сериясын ұйымдастыру ұсынылды.
Тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және дамытуға дайын екенін білдірді.