Құқық қорғау органдары академиясында өткен мемлекеттік айыптаушылар форумы аясында симуляциялық сот талқылауы өтті.
Академия ректоры Ерғали Мерзадинов оқу іс-шарасын ашып, оны прокурорлық қадағалауды жүргізу сапасын жоғарылату, прокурорлардың тиісті кәсіби деңгейде сотқа қатысуы және қадағалаушы органның ұстанымын қорғау мүмкіндігін арттыру мақсатында өткізу қажеттігін атап өтті.
Тренинг жұмысына қатысуға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген — 150 мемлекеттік айыптаушы прокурор шақырылды. Олар қылмыстық істі қарастыруды қадағалап, ойын процесінің күшті және әлсіз тұстарын талқылауға белсене қатысты.
Академияның қызметкерлері және прокурорларды бастапқы оқыту бағдарлмасының тыңдаушылары мемлекеттік айыптаушылар ретінде қатысты.
Прокурорлар мемлекеттік айыптауды сақтау дағдыларын дамыту үшін сот отырысына дайындық, сот тергеуіне қатысу, айыптау сөзін түзету және сот актілерін зерделеу бойынша өз дағдыларын көрсетті.
Астана қалалық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Есімова Алма Есімқызы прокурорлардың жұмысын бағалап, кәсіби білімді жетілдіру бойынша өзінің ұсыныстарын берді.
Сабақ барысында сот процесіне қатысу үшін прокурорларға көмектесуге арналған «Заңдылық», автоматтандырылған жүйесі таныстырылды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қашықтықтан оқыту бағдарламасын ұсынды.
Тренинг қызметкерлерді оқыту кезінде мұндай жаттығуларды жүргізудің өзектілігі мен артықшылықтарын көрсетті. Қатысушылардың пікірінше, оқытудың инновациялық формасы кәсіби біліктілікті арттыруға, сот және қадағалау органдарының өзара іс-қимылында проблемалық мәселелерді анықтауға және шешуге мүмкіндік береді.