8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, салтанатты іс-шара

Академияда Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Академия проректоры Серік Шалабаев салтанатты ашу сөзінде әйелдерді құттықтап, олар өздеріне тән кәсіпқойлық пен көркемділікпен күн сайын қызметтік міндеттерін шешетіндіктерін атап өтті. Әйел-қызметкерлерге денсаулық, отбасыларында үйлесім және мансабында табыс тіледі.

Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны және жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін Академияның жекелеген қызметкерлері Бас Прокурор мен Академия ректорының марапаттарына ие болды.

Салтанатты іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының және Қорғаныс министрлігі әскери оркестрі өкілдерінің қатысуымен мерекелік концертпен аяқталды.