Қазақстандық танымал заңгермен кездесу

Құқық қорғау органдары академиясында жас прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы белгілі қазақстандық заңгер, Конституциялық Кеңестің мүшесі, Академияның құрметті профессоры Иоган Меркельмен кездесті.

Іс-шара жас қызметкерлерді ұрпақтар сабақтастығы және кәсіби дәстүрлерді сақтау рухында тәрбиелеуге бағытталған құқық қорғау жүйесінің еңбек сіңірген қызметкерлерінің қатысуымен мастер-класс өткізу бойынша ізгі дәстүрдің жалғасы болды.

Қонақтың сөзі үлкен қызығушылық тудырды. Иоган Давидович өзінің кәсіби қызметінің әртүрлі кезеңдері, заң шығару жұмысы туралы әңгімеледі. ЭЫДҰ елдерінің инновациялық технологияларды енгізу тәжірибесіне тоқталды.

Осыған байланысты, спикер елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша табысты жұмыстың басты кепілі ретінде әлеуетті органдар үшін кәсіби кадрларды даярлаудағы Академияның рөлін жоғары бағалады.

Сондай-ақ, кездесу аясында құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша пікірталастар өтті.  Атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеудің қазіргі заманғы моделін енгізу, қылмыстық қудалау сапасын арттыру, қылмыстық сот ісін жүргізуде прокуратураның рөлін күшейту мәселелері талқыланды.