Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері үшін «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу және тергеудің қазіргі заманғы әдістері. Халықаралық тәжірибе».
Спикерлер болып Академияның тәжірибелі оқытушылары, сондай-ақ Украина мен Латвиядан келген халықаралық сарапшылар сөз сөйледі.
Курстың тақырыбы өңірлерде орын алған мәселелерді ескере отырып таңдалған.
Сотқа дейінгі тергеуді электронды сүйемелдеу, ЕРДР АЖО жұмыс істеу дағдылары, Е-қылмыстық іс, Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды тергеу ерекшеліктері сияқты тақырыптар бойынша сабақтар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.
Тренингтің қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтті, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері талқыланды.