Академияда «Қылмыстық-атқарушылық заңнаманы қолдану бойынша прокурорлық қадағалау» біліктілікті арттыру курсын аяқтады.
Оқытудың негізгі мақсаты – атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды тиімді ұйымдастыру үшін прокурорлардың тереңдетілген кәсіби дағдыларын және білімдерін қалыптастыру.
Бас прокуратура мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың сарапшылары, Ұлттық алдын алу механизмінің үйлестіру кеңесі және Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы ұйымының (PRI) дәріс берушілері шақырылды.
Тренинг аяқталғаннан кейін дөңгелек үстел өткізілді, онда атқарушылық іс жүргізу саласындағы қадағалаудың проблемалық мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар, Бас прокуратурасының ұсынысы бойынша Академия сотталғандар арасында өзіндік зиянның өсуі және тыйым салынған заттардың пенитенциарлық жүйе мекемелеріне ену сұрақтары бойынша жедел талдау жүргізуді жоспарлады.