Құқық қорғау органдары академиясы Ғылыми-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес ғылыми қоғамдастықтың, сондай-ақ Бас прокуратура, ішкі істер, қаржы министрліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің қатысуымен өтті.
Отырысқа қатысушылар ведомствоаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының аралық қорытындыларын, сондай-ақ құқық қорғау саласындағы ғылымның даму перспективаларын талқылады.
Отырысты аша отырып, кеңес төрағасы — Академия ректоры Ерғали Мерзадинов заңдылықты қамтамасыз етуде және қылмысқа қарсы күресте ведомстволық ғылымның рөлін күшейтудің маңыздылығын атап өтті. «Құқық қолдану тәжірибесін ғылыми-талдамалық қамтамасыз ету күш құрылымдары жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды шарты болып табылады», — деп атап өтті ол.
ҒӘК мүшелерінің қарауына ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің алдын ала нәтижелері ұсынылды:
«Кәсіпкерлердің құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғауды күшейту мәселелері»;
— «Жеке өмірге қол сұғылмаушылық» ұғымын анықтаудың ғылыми негізделген құқықтық тәсілдерін қалыптастыру»;
— «Қылмыстық қылмыстар, қылмыстық теріс қылықтар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар ұғымдарын нақтылау және олардың қоғамдық қауіптілік дәрежесін және өзге де критерийлерін негізге ала отырып, олардың ара-жігін ажырату жөніндегі ғылыми-құқықтық тәсілдерді әзірлеу»;
— Сотқа дейінгі тергеудің іс жүргізу шығындарын есептеу әдістемесі»;
— «Қылмыстық қудалау: сотқа дейінгі тергеу органдарының және прокурордың өкілеттігін шектеу»;
— «Интернет-ресурстары мен мобильді қосымшалар арқылы таратылатын есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы тұру».
Жүргізілген жұмыстың нәтижелерін талдай келе, Кеңес мүшелері ғылыми-зерттеулердің өзектілігін және нәтижелерді құқық қорғау және білім беру салаларында енгізу қажеттілігін атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша ғылыми-талдамалық жұмысты жалғастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жетілдіру шеңберінде ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейту ұсынылды.