Петропавл қаласында «Стамбул хаттамасына сәйкес азаптау мен қатыгез қарым-қатынасты тиімді тергеу және құжаттау»тақырыбында семинар өтті. Іс — шараның басты мақсаты-прокурорлардың, сот-медициналықсарапшылардың, адвокаттардың және құқыққорғау ұйымдары өкілдерінің азаптауфактілерін тергеу және құжаттау саласындағыжұмысын жетілдіру.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Тайымбетов аталған санаттағы қылмыстық істерді тергеу тиімділігін арттыру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту контексінде оқыту іс-шарасын өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Тренингтің қатысушылары атап өткендей, Қазақстанда адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды жүзеге асыру, оларды ұлттық заңнамада бекіту бойынша елеулі қадамдар жасалды.
Азаптауларға қарсы конвенцияға қосыла отырып, Республика азаптаулардың және тергеу жүргізудің басқа да рұқсат етілмеген әдістерінің қолдануының алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі тиімді шараларды қолдану жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдады.
Сонымен қатар, мәселе өз өткірлігінжоғалтпайды. Азаптауларды және басқа да адамдармен адамгершілікке жатпайтын қарым— қатынас фактілерін қолданудың жолын кесуүшін бірқатар өзекті мәселелерді шешу қажет, олардың бастысы-азаптаулар туралықылмыстық істерді тиімді анықтау және тергеу.
Семинар барысында азаптауларды құжаттандыру, осындай фактілерді анықтау кезінде маңызды және шұғыл рәсімдерді жетілдіру мәселелері талқыланды.
Қатыгез қарым-қатынас жағдайларын анықтаудың қажетті дағдыларын меңгеру мақсатында тыңдаушылар халықаралық құқық нормаларына сәйкес азаптауларды саралау мәселелерін, сондай-ақ Стамбул хаттамасына сәйкес азаптауларды тергеу практикасын зерделеді.
Сот-медициналық сараптамалар мен сот-психологиялық сараптамаларды тағайындау және жүргізу әдістемесімен танысты. Азаптауларды қолданудың салдарын және олардың зардап шеккендердің психологиялық денсаулығына әсерін талдады.
Жаттықтырушылар ретінде белгілі ұлттық сарапшылар қатысты.
Академия мен Қордың бірлескен білім беру іс-шаралары Ф. Эберт азаптауға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған, сондай-ақ Қарағанды мен Көкшетауда өткізілді.