Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратураларында қаржылық қылмыстарды тергеу және ұрланған активтерді қайтару мәселелері бойынша көшпелі семинар-тренингтер өтті. Оқу іс-шарасын Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырды.
Оқу-жаттығуды прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу қызметі, сондай-ақ судьялар жүргізді.
Семинарларды өңірлік хаб базасында дайындықтан өткен қаржылық тергеу бойынша ұлттық жаттықтырушылар, соның ішінде академия, мемлекеттік органдар және банк саласы комитетінің қызметкерлері өткізді.
Тренингтің мақсаты-қаржылық қылмыстарды тергеу жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыру,тәжірибе алмасу және оларды анықтаудың озық тәсілдері мен әдістерін үйрету.
Сарапшылар ұрланған активтерді анықтау мен қайтарудың заманауи әдістемелерімен бөлісті. Шет елге әкетілген қылмыстық капиталды тиімді қадағалау мен қайтарудың үздік әлемдік тәжірибесі, осы саладағы халықаралық өзара-құқықтық көмектің басты бағыттары туралы айтылды.
Сондай-ақ тыңдаушылар қылмыстық кірістерді жылыстату, Трастар арқылы активтерді басқару фактілерін анықтау тәсілдерімен танысты, қаржы барлау бөлімшелерінің мүмкіндіктерін, ұрланған активтерді қайтару бойынша құқық қорғау қызметтерінің ашық көздерімен жұмыс істеу әдістерін зерделеді.
Практикалық сабақтар аясында арнайы әзірленген қылмыстық іс бойынша Имитациялық тергеу ұйымдастырылды.
Оқу іс-шарасы қаржы криминалымен күрес бойынша фискалдық және құқық қорғау органдарының аймақтық өзара іс-қимылын жандандыруға үлкен қызығушылық танытты.