Құқық қорғау органдары академиясында «Қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы прокурорлық қадағалау» тақырыбында прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың екі апталық курсы аяқталды.
Бұл әлеуметтік-экономикалық салада қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлер үшін ұйымдастырылған алғашқы оқыту шарасы.
Курс бағдарламасында-балалар мен әйелдердің, бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғауға, қоршаған ортаны, жануарлар дүниесін қорғауға және т.б. байланысты өзекті тақырыптарды, сондай-ақ оқытудың инновациялық әдістерін зерделеу.
Мысалы, жерді ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерінде «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ-ның әзірлемелерін қадағалау қызметінде қолдану мүмкіндігі зерттелді.
Тыңдаушылардың алдында орталық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Академия оқытушылары мен Бас прокуратураның қызметкерлері сөз сөйледі.
Өткізілген тренинг проблемалық мәселелердің кең спектрі бойынша азаматтық және бизнес-қауымдастық өкілдерімен «сағатты салыстырып тексеруге» мүмкіндік берді.
Оқыту қорытындысы бойынша елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.