ТМД елдерінің мамандарына арналған қаржылық қылмыстарды тергеу саласындағы тренинг

Конрад Аденауэр атындағы Қордың қолдауымен Құқық қорғау органдары академиясы«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл» атты ТМД елдерінің фискалдық органдары үшінұйымдастырған халықаралық семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

Оқыту іс — шарасы Академия алған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық (қаржы) органдары үшін кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша базалық білім беру мекемесі мәртебесі шеңберінде өткізіледі.

Оның жұмысына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина Мемлекеттік және фискалдық органдарының қызметкерлері қатысуда.

Тренингтің мақсаты – қаржылық қылмыстарды тергеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыру және қаржылық қылмыстармен күрес бойынша тәжірибе алмасу.

Семинарды аша отырып, Академия проректоры Маралбек Ешімов жаһандану жағдайындағы қаржы қылмыстары проблемаларының ерекше өткірлігін және осыған байланысты оқыту іс-шарасын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, әлемде жыл сайынғы ақша жылыстату көлемі шамамен 2 трлн. АҚШ долларын құрады, бұл жаһандық ЖІӨ-нің 2-5% — ын құрайды. Мәселені шешудің бірі осындай қылмыстарға қарсы әрекет ету үшін мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру арқылыбірлескен жұмыс болып табылады, деп атап өтті ол.

Апталық оқуға қатысушы мемлекеттер ұсынған тақырыптарды ескере отырып әзірленген арнайы оқу бағдарламасы бойынша өтеді.

Сарапшылар ұрланған активтерді анықтау мен қайтарудың заманауи әдістемелерімен бөліседі. Шетелге әкетілген қылмыстық капиталды тиімді бақылау мен қайтарудың, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың үздік әлемдік тәжірибесі, осы саладағы халықаралық өзара-құқықтық көмектің негізгі бағыттары туралы баяндайды.

Сондай-ақ, тыңдаушыларды ақшаны жылыстату тұжырымдамаларымен, крипто валютасын және «Даркнетті» қылмыстық кірістерді жылыстату құралы ретінде пайдалану әдістерімен таныстырады.

Сондай-ақ тыңдаушылар қылмыстық кірістерді заңдастыру схемасын анықтауды, тергеу жүргізуді үйренеді, банк секторында ішкі тергеу жүргізудің ерекшеліктері, қаржылық барлау бөлімшелерінің мүмкіндіктері туралы біледі.

Қазақстандық мамандар сотқа дейінгі өндіріске сандық технологияларды енгізу тәжірибесімен бөліседі (АРМ ЕРДР, Е-УД, Заңдылық, СИОПСО).

Тыңдаушылар өздерінің жеке тәжірибесін және семинарда алған білімдерін қылмыстық кірістерді заңдастыру бойынша қылмыстық істі тергеумен байланысты кейстік міндеттерді шешу барысында қолданады.

Тренингтің қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтеді, онда қаржы қылмысымен күрес аясындағы өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады. Форумға қатысушылардың ұсынымдары ҰЖДК Атқарушы комитетіне жіберілетін болады.