Ағымдағы жылдың 9-13 желтоқсанында Алматы қаласында ЦАРИКЦ базасында есірткі қылмыстылықтан алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) жағдайларына ведомствоаралық ден қою бойынша симуляциялық тренинг өтеді.
Іс-шараны Құқық қорғау органдары академиясы ЦАРИКЦ, ІІМ және ҚМК-мен бірлесіп, ҚР АҚШ Елшілігінің, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің және БҰҰ ЕҚБ қолдауымен өткізеді.
Тренингтің қатысушылары – прокуратура, ІІМ, ҚМК және ЦАРИКЦ өкілдері, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және т.б. халықаралық сарапшылар.
Тренингтің басты мақсаты – есірткі заттарын заңдастыру (жылыстату) саласындағы қылмыстарды тергеу кезінде уәкілетті құрылымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын нығайту және тәжірибе алмасу.
Журналистер сарапшылар мен тренингтің қатысушыларынан – халықаралық ұйымдардың өкілдерінен, түрлі ведомстволардың қызметкерлерінен сұхбат алуға, жаттығуларды өткізу орындарына баруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ жаңа әдістемелердің, қаржылық барлау бөлімшелерінің, ақпараттық ресурстардың жұмысын көруге болады.
13 желтоқсанда тренинг аясында Алматы қаласының соттарының қатысуымен сот процесі көрсетіледі.
Өтетін орны: Алматы қ., Абай к-сі, 52, ЦАРИКЦ.
Іс-шараның ашылуы: 9 желтоқсан сағ.9.30.
Қатысуға ниет білдірген журналистерді 2019 жылғы 6 желтоқсанда сағат 20:00-ге дейін 8-702-482-05-95 (Әйгерім) телефоны немесе e-mail: akairidenovna@gmail.com арқылы аккредиттеуден өтулерін сұраймыз.
Аккредиттелген БАҚ өкілдерінің келуін а. ж. 9 желтоқсан күні сағат 09.30-дан кешіктірмей қамтамасыз етуді сұраймыз.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8-775-666-43-99 (Асқар Ғалиасқаров).