Құқық қорғау органдары академиясында философия докторлары (PhD) Али Қыстаубаева, Евгений Еспергенова және Жандос Жолжақсыновқа дипломдарды салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті.
Жас ғалымдарды құттықтай отырып, Академия ректоры Ерғали Мерзадинов философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруге және диплом беруге құқығы бар дербес субъект мәртебесін алған жоғары оқу орнының диссертациялық кеңесінің рөлін атап өтті. Өткен жылы жаңа мәртебе аясында алғашқы үш докторлық диссертация қорғалды.
Диссертациялық кеңестің жаңа құрамына 11 ғылым докторы мен 6 ғылым кандидаты кірді. Олардың арасында Исидор Борчашвили, Қуаныш Балтабаев, Бақтыбай Жүнісов және басқалар бар.
Е. Мерзадинов ізденушілерге шығармашылық табыс тіледі.